Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында “Elorda zhastary” бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы елорда қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» хабарлады.
Жобаға өтінім қабылдау qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы 14 қазаннан басталып, 21 қазан сағат 23.59-да аяқталады.
Бағдарламаның міндетті шарты - Отбасы банкінің салымшысы болу (1.8 млн.теңгеден кем емес депозиті болу керек).
“Elorda zhastary” бағдарламасының шарттары:
Өтінім берушіге жылжымайтын мүлік түрін таңдауда шектеу қойылмаған. Яғни, бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйді таңдай алады.
“Elorda zhastary” бағдарламасына қатысушыға қойылатын талаптар:
-Өтініш берген сәтте жұбайының (зайыбының) жасына (бар болса) қарамастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда) азаматтар;
– Бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінде ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
– Өтініш берушіде кемінде соңғы 1 жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты мекен-жай тіркеуі болуы және өтініш берушінің отбасы мүшелерін (жұбайы/зайыбы және балалары) Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуі тиіс.
Төменде санамаланған қызмет салаларының бірінде Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан мемлекеттік қалалық, республикалық мекемелерде немесе кәсіпорындарда соңғы 1 жылдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыратын:
– Медицина қызметкерлері;
– Педагогикалық қызметкерлер;
– Мәдениет саласының қызметкерлері;
– Жаттықтырушылар мен спортшылар-оқытушылар;
– Әлеуметтік сала қызметкерлері;
– Ғылыми ЖОО және ҒЗИ оқытушылары мен қызметкерлері;
– БАҚ қызметкерлері, журналистер (мемлекеттің 100% қатысуымен);
– Коммуналдық кәсіпорындардың/мекемелердің қызметкерлері;
– Полиция департаменті (оның ішінде бөлімшелер);
– Төтенше жағдайлар департаменті (оның ішінде бөлімшелер).
Сондай-ақ, қандай да бір қызмет саласына жатпайтын, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында “Жетім балалар”санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар да қатыса алады.
Отбасының 1 мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табысы 6 ең төмен күнкөріс деңгейінен немесе отбасының бір мүшесіне шаққанда 205 812 теңгеден (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды шегере отырып) аспауы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т. б.);
2. Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
3. Ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс;
4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т. б.);
5. Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жұбайы (зайыбы);
6. Болған жағдайда: өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары)мүгедектігі туралы анықтама;
7. Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып, “Отбасы банк” АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн. теңгеден кем болмауы тиіс);
8. Екеуіде жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың болған жағдайда соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама;
9. Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы құжат.
Қатысушыларды іріктеу ең үлкеннен ең кішіге дейінгі балдарды есептеуді пайдалана отырып жүргізіледі.:
– таңдалған салада толық 1 жыл жұмыс өтілі-5 балл, таңдалған салада толық емес жұмыс өтілі – 3 балл.
Нұр-Сұлтан қаласында “Жетім балалар” санаты бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ретінде өтінім берген азаматтарға қызмет саласына қарамастан, толық 1 жыл жұмыс өтілі үшін-5 балл, толық емес жыл жұмыс өтілі үшін – 3 балл есептеледі;
-өтініш берушіде немесе жұбайында (зайыбында) 1, 2, 3 топтағы мүгедектіктің немесе мүгедек балалардың болуы – 10 балл. Егер отбасының бірнеше мүшесінде мүгедектік болса, балдар әр мүгедекке есептеледі.
Өтінімнің берілген күні мен уақыты маңызды емес. Қатысушылар бірдей балл жинаған жағдайда басымдылықты жасы бойынша үлкен қатысушы алады.
Қосымша ақпарат үшін 109 (мобильді) iKomek, 300 (мобильді) “Отбасы банк”АҚ. +7 (7172) 55-66-33 Call-орталығына хабарласуға болады.
Тағы көру