Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда жұмсалады?
Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда жұмсалады?

28.04.2023
1 мин
1
716

ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру тетігін бекітті. Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға  ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Бұльтуралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған болатын.

«Жалпы, мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс», — деді ҚР Президенті.

Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгеге 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Осылайша, бұл механизм үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады.

Фото: Ult.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
303
1 Пікір
А
Аида Досжанова 28.04.2023
Мектеп, балабақша салмайма. Жаңа мкр. Құрады бірақ не мектеп, не балабақша жоқ. Мкр. Мадениет. Мемлекеттің берген үйлері. Сапасы сын көтермейді.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл