Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланды
Жаңалықтар

Жетісу облысында 72,5 млн теңгенің газ құбырлары ұрланды

03.12.2024
мин
0
173
Сурет: Polisia.kz

Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полицияға “Транс Азия Констракшн” ЖШС директоры арызданды. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тасжолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен. Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тасжолында жүргізіліп жатыр, оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды және жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, құрықталды. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырылуына маңызды үлес қосты. Олардың жедел жұмысы өңірдің мыңдаған тұрғынына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз ететін газ құбыры құрылысының тоқтауына жол бермеді.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл