Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мектептегі орамал мәселесі
Жаңалықтар

Мектептегі орамал мәселесі

04.10.2024
1 мин
2
935
Сурет: inbusiness

Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев мектепке оқушылардың орамал тағып баруына қатысты қаралған іс бойынша сұраққа жауап берді. Жақында Жоғарғы сот осыған қатысты бір істі қарап, шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ulysmedia-ға сілтеме қалдырып. 

Таяуда Жоғарғы сот орамал таққаны үшін мектепке кіре алмаған оқушының құқығын қорғады. Арада көп өтпей “министрдің бұйрығының Жоғарғы сот күшін жойған жоқ” деп хабарлама таратты. Бұл жерде екіұштылық байқалмай ма? – деп сұралды Түкиевтен.

Түкиев бұл жайында Жоғарғы соттың позициясы өзгермегенін айтады.

Арызданушы сотқа бір ғана талаппен жүгінді: білім беру процесіне кіргізбеуді заңсыз деп тануды және мектепке кіргізуді талап етіп арыз түсірді. Сол себепті жергілікті деңгейде де, Жоғарғы сот та осы талаптар шеңберінде істі қараған. Сот мектепке  оқушының кіргізілмеуін заңсыз деп таныды, себебі Конституцияның 30-бабына сәйкес, бастауыш және орта білім міндетті делінген. Бұл – Конституцияның базалық ережесі. Ол Конституцияның 39 бабында жазылғандай, арнайы заңмен ғана шектелуі мүмкін. Заңның өзі мектептерге оқушылардың кіргізбеу құқығын бермейді. Сол себепті сот оқушыны мектепке кіргізуге міндеттеді, – дейді ол.

Түкиевтің айтуынша, сот тек оқушының құқығы жөнінде істі қараған.

Мектепке орамал тағып баруға бола ма? Солай барса, бұйрықта бекітілген ережелерді бұза ма? Ол мәселені сот қараған жоқ. Әкімшілік соттар тіпті, бұйрықтардың заңды-заңсыздығын тексере де алмайды. Себебі ол азаматтық соттарда қаралады. Сол себепті баспасөз хабарламасында Жоғарғы сот арыз қанағаттандырылғанын, сот оқушыны мектепке кіргізу міндетті деп тапты, – дейді ол.

 

Демек, орамал таққан оқушы қыз мектепке кіре ала ма? Мектеп әкімшілігі оны кіргізуге міндетті ме?

 

Иә, бекітілген ережелерді бұл жағдай бұзады. Ол үшін жауапкершілік те бар. Әкімшілік кодекс бойынша екі бап – қателеспесем 127 және 409 бап. Бұл баптар балалардың құқықтарының бұзылуына, сонымен бірге ата-аналарының бұзуына әкеп соққан жағдайда. Алайда соған қарамастан мектеп баланы мектепке кіргізу керек. Сот жүйесі солай қарайды.

Бұл мәселе бәлкім, заңнама деңгейінде шешілуі керек деп есептемейсіз бе?

 

Судья ретінде мен мәселе заңнамалық тұрғыда шешілгені дұрыс дер едім. Себебі шектеу болмағаннан кейін адамдардың пайдасына қарай құқығы бар. Жалпы, мектепте қандай форма болуы керектігі, заңнамалық деңгейде реттелуі тиіс. 

 

Нақтылайықшы: мектепке оқушы хиджаб немесе орамал тағып кіре алады ғой?

 

Ол немен келсе де, баланы орта білім алу құқығынан айыруға заң әзірге рұқсат бермейді. Кез келген оқушы мектепке кіргізілуі керек.

Мектеп әкімшілігі оқушыны кіргізбеген кезде қандай ережеге сүйенген?

 

Заңнамаішілік акт бар. Оқу-ағарту министрлігі шығарған. Ол расында да, орамалды тағуға рұқсат бермейтін ережелерді бекіткен. Бұл бұйрық заңнан шығып отыр. Бірақ заң да, бұйрық та білім алуға деген конституциялық құқыққа санкция сала алмайды. Сот осыны айтып отыр. Бірақ біз заңнама осы сұраққа жауап бергенін қалаймыз. Мәселені реттеу керек. Себебі уақыт өте келе ата-аналардың да жауапкершілігі мәселесі көтеріледі. Жасөспірімдердің діни еркіндігінің шегі қандай болатыны да айтылады. Осы сұрақтың бәріне заңнама жауап беруі тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Ботагөз 05.10.2024
Неге басы бар аяғы жоқ болып қала береді. Нақты бір заң қалыптастырса. Ортада тағы күйетін ұстаздар. Өтініш білім министрлігі нақты шешім айтса
Жауап беру
М
Мадина 04.10.2024
Мугалымдер мектепке орамалмен кыре алама?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл