Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жоқ көлікті
Жаңалықтар

Жоқ көлікті "сатумен" айналысқан алаяқ ұсталды

19.05.2022
1 мин
1
1844

Екібастұз қаласының тұрғыны Kolesa.kz сайтына жүк көліктерін сату туралы хабарландыру жариялап, алдын ала төлем алып, содан кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған.

Полицейлер 28 жастағы жігіт жұртты алдауға 2020 жылдан "кіріскен" екен.

"Ол телефонына түрлі мобильді SIM-карталарды салып, оларды пайдаланып, Кolesa.kz сайтында шын мәнінде меншік құқығы болмаған жүк көліктерін арзан бағамен сату бойынша әртүрлі хабарландырулар жариялаған. Жәбірленушілер осы хабарландырулар бойынша Кolesa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүгініп, оған жүк көліктері үшін кепіл ретінде 15 мың теңгеден бастап 1,3 млн теңгеден астам әртүрлі сомада ақша аударған. Сонымен қатар такси жүргізушілерінің банк карталарына ақша аударылды, олар кейіннен теңгерімі бар терминалдар арқылы күдіктінің абоненттік нөмірлеріне ақша толтырған. Қазір мұндай 15 фактіге қатысы бар екені дәлелденді. Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер еліміздің әр облыстарының тұрғындары, басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау жұмыстары жүргізілуде, күдікті ұсталып, Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Екі айға дейін қамауға алуға санкция берілді, – деді Екібастұз қаласының ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Қ. Шақарғалиев алаяқтар өз құрбандарын қалай алдайтынын айтып берді.

"Мұндай жағдайларда алаяқтар өз құрбандарын сатылатын мүлікке немесе көрсетілген қызметке төмен баға ұсынады. Олар тауар үшін алдын ала төлем немесе толық төлем жасауды сұрайды, ақшаны электронды әмиянға немесе банк картасына салу қажет деп айтады. Әдетте, мұндай жағдайларда банк карталары үшінші тұлғаларға тіркелген", – деп атап өтті Қайыржан Шақарғалиев.

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8405 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
С
Сакыпжамал 19.05.2022
Кусаинов Азамат деген 97-98ж бала бар Астанада. Жолдасыммен бірге автомойкада жұмфс жасап бізді де арендадағы машинаны сатып алдап кетті. Заявление дазсам бізден басқа 5адамды солай алдап жүр екен. Сот болды бірақ ақшаны қайтарғанда жоқ соттағанда жоқ. Жүр ғой емін еркін. Соны неге ұстамайлы екен?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл