Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жүктілік үкім емес»: заңгер жүкті әйелдердің құқықтарына тоқталды
Маман пікірі

«Жүктілік үкім емес»: заңгер жүкті әйелдердің құқықтарына тоқталды

26.01.2021
1 мин
215
41904

Елімізде жүкті әйелдердің құқықтары – сұранысқа ие тақырыптардың бірі. Сондықтан біз «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, заңгер Қымбат Туреновадан жұмыс орнындағы жүкті әйелдердің құқықтарына өз тәжірибесінде көп кезіккен жағдайларға байланысты тоқталып өтуін сұрадық.

«Біздің кәсіби медиаторлар, заңгерлер мен адвокаттар қызметтерінің бірыңғай орталығына қандай да бір кеңес, көмек алу мақсатында жүктілігі үшін жұмыс берушісімен арада мәселесі бар әйелдер көп жүгінеді. Олардың басым бөлігі жүкті болған соң жұмыстан кететін уақыт келді деп ойлайды. Сондықтан өз құқықтарынан хабарсыз әйелдер жүктілігі туралы білгенде жұмысынан айрылып жатады. Бірақ жүктілік үкім емес! Құрсағыңызға бала біткені үшін жұмыстан кетуге, жалақыңыздан айрылуға міндетті емессіз. Сіздің де басқа әріптестеріңіз сияқты жұмыс істеп, лайық жалақыңызды алуға құқығыңыз бар. Сол құқықтарға тоқталып өтейік.

Біріншіден, сіздің жүктілігіңіз автоматты түрде жұмыстан шығаруға әкелмейтінін атап өткім келеді. Жұмыс беруші сізді жүктілікке байланысты жұмыстан шығаруға құқығы жоқ. Еңбек келісімшартыңыздың мерзімінің аяқталуы да оны бұзуға себеп емес. Жұмыс орныңызды қорғау үшін жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтама беріңіз. Ол өз кезегінде жұмыс шартын ұзартуы керек.

Екіншіден, осындай анықтаманы ұсынғаннан кейін қауіпті және күрделі өндірістерде жұмыс істеу, ауысымдық жұмыс, іссапар, мереке және түнгі уақыттағы жұмыс шектеулі екенін білуіңіз қажет. Еңбек кодексі денсаулығыңызға зиян келмеуі үшін осындай ережелерді бекітеді.

Үшіншіден, егер зиянды немесе қауіпті өндірісте жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші орташа жалақыңызды сақтай отырып, сізді жеңілірек жұмысқа ауыстыруы қажет. Сондай-ақ ауысқан лауазымыңыздың жалақысы бұрынғы қызметіңізден жоғарырақ болса, жалақыңызды сәйкесінше көтеруді талап ете аласыз.

Төртіншіден, жүкті ретінде толық емес жұмыс режимін орнатуға құқығыңыз бар. Қорықпаңыз, бұл – жұмыс берушінің міндеті. Сондай-ақ орташа жалақыңыз бәрібір сақталады, яғни толық емес жұмыс уақыты белгіленсе де, жалақы мөлшері төмендемейді.

Бесіншіден, сіздің жүктілігіңіз бен босануыңыз бойынша және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа құқығыңыз бар. Сонымен қатар жыл сайынғы демалысыңызды жүктілік немесе бала күтімі демалысына қосуға мүмкіндігіңіз бар. Ал жұмыс берушіңіздің сізді демалыс уақытында жұмысқа шақыруға құқығы жоқ.

Жүкті әйелге кепілдіктер мен жеңілдіктер берілгенімен оның жұмысынан айрылуы мүмкін кездері де болады. Бұл жағдайға компания жұмысының тоқтауы жатады. Себебі директорға барлық қызметкерді жұмыстан босатудан басқа амал қалмайды (Еңбек кодексі. 51-бап. 1-тармақ).

Жұмыс берушінің жұмыс орнын босатуға мерзімді еңбек шартының мерзімі де себеп болуы мүмкін. Егер сіз болмаған қызметкердің орнына жұмысқа қабылданған болсаңыз, жұмыс беруші жүктілігіңізді ескере отырып, сізбен еңбек шартын ұзартудан босатылады (Еңбек кодексі. 55-бап. 2-тармақ).

Еңбек кодексіне сүйеніп, директордың сізбен келісімшартты көптеген жағдайларда бұза алмайтынын айттық. Бірақ бұл өз қалауыңыз бойынша жұмыстан шыға алмайтыныңызды білдірмейді. Егер жұмыс орныңыздан кеткіңіз келсе, басқа қызметкерлер сияқты жұмыс берушіге жұмыстан шыққыңыз келетінін ескертіп, бір ай жұмыс істеп кете аласыз.

Жүктіліктің асқынулармен өтетін кездері болады. Егер дәрігеріңіз сізге қандай да бір жүктемелерге немесе жұмысқа тыйым салынғанын айтса, сіз ауру бойынша демалыс алып, оны қажет кезеңге ұзарта аласыз немесе өз қалауыңызбен жұмыстан кете аласыз.

Осылайша, жүкті әйелдердің негізгі құқықтарын қысқаша талқыладық. Жүкті болсаңыз үнемі медициналық тексеруден өтіп, дәрігермен кездесуге құқығыңыз барын ұмытпаңыз. Сондай-ақ жүкті әйелдерге жұмыс орнын сақтау үшін Еңбек кодексінде көрсетілген ең негізгі мәселе жұмыс берушіге 12 апта немесе одан да көп мерзімдегі жүктілігі туралы анықтама беру міндеті екенін естен шығармаңыз.

Еңбек кодексінің 126-1 бабында жүктілік мерзімі 12 аптадан аз әйелдердің құқықтары бекітілген. Бірақ жүктілік мерзімі басты нәрсе емес, жүктіліктің қай кезеңінде болсаңыз да, жұмыс беруші сізбен келісімшартты бұза алмайды. Сондай-ақ сіздің жұмыс кестеңіздегі немесе лауазымыңыздағы өзгерістер сіздің орташа жалақыңызға әсер етпейді.

Жүктілік – сіздің және балаңыздың өміріндегі маңызды әрі бақытты кезең. Ешкімнің сізді жұмыста немесе кез келген басқа жерде кемсітуге құқығы жоқ. Мемлекет сізге және балаңызға қамқорлық жасайды, кепілдіктер мен жеңілдіктер береді. Айтпағым, сол кепілдіктер мен жеңілдіктерді пайдаланудан қорықпағаныңыз және құқықтарыңызды қорғау үшін жадыңызда сақтағаныңыз жөн.

Жансая ҚАМБАР

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
215 Пікір
А
Айгерим 09.11.2023
Жүкті кезде жүкті әйелді қорқытып үркітсе басқа адам қандай заң бар не істеуге болады
Жауап беру
А
Ақбаян 11.08.2023
Сәлеметсіз бе. 2 ші скрининг өту үшін маған бір күнге басшым жалақы сақталмайтын демалыс талап етті. Қаншалықты дұрыс
Жауап беру
А
Айсулу 18.07.2023
салеметсиз бе!мен жукти екенимди билмей 3ай болганда жумиска кирген едим маган жукти екенинди айтпай жумиска кирип алдын деп штраф саламиз дейди ол каншалыкты заңды
Жауап беру
Е
Ержанова Назира 28.05.2023
Каиырлы тун!! Менде сурак жукти айел босанатын перзетханасын тандауына болама ? Казир менде жуктиликтин 36 аптасы мени жиберип жаткан перзетханада босангым жок не истесем болады??
Жауап беру
а
айсана 21.04.2023
жуктілік кезінде штат қысқартуға боладыма
Жауап беру
Т
Тулегенова Динарадан 17.04.2023
Ал, егер жұмыс кезінде медосмотрдан (скрининг)өту керек болса немесе дәрігер шақырса біздің бір немесе бірнеше күндік жалақымызды жұмыс беруші қысқартуға құқылы ма?
Жауап беру
Ұ
Ұлжан 23.05.2023
Егер кезекті демалыс пен жүктілік кезіндегі демалыс бір күнге келген болса қалай болады ? Мысалы мен мұғаліммін. 1 маусым кезекті демалысым ( отпуск) 2 маусым декретік демалысым. Екеуіне бірдей шыға отырып , ақшаларымды да бірдей ала аламын ба ???
Жауап беру
А
Айдана 18.02.2023
Саламатсызба! Менде 2апта планмен көтерген 5жылдан кейін көтеріп тұрмын. Оқушыларға енді қосымша сабақ ашып оқыт дейді оған менің денсаулығым жарамайды. Ақысыз қосымша ашып жұмыс жасау керек дейді. Бұлай айтуға құқығы барма?
Жауап беру
А
Айгерим 17.02.2023
Салеметсызбе 8-9 апта жумыска кыруге кукыгым барма
Жауап беру
Б
Бәкей Ұлуар 16.01.2023
Сәлеметсіз бе мен жүктілігіме 28-апта болды кейде екі балам бар кейде дәрігер шақыруына баралмай қалам , бірақ белгіленген анализді уақтылы тапсырып журмін, жағдайымды айтсамда мені декретке жібермейміз, ушоттан шығарып саймыз деп қорқытады өтінемін заң тұрғысынан маған көмек көрсетіңіз ші
Жауап беру
А
Арайлым 20.12.2022
Мені жұмыста бастығы тәрбиешіден няняға ауыстырады дит.менің аяғым ауыр 23 апта.Ол дұрыс па? Оның оған құқығы бар ма?
Жауап беру
Г
ГҮЛСІМ 30.11.2022
Мемлекеттік жұмыста жұмыс атқарып жүрген жүкті келіншектер тәуліктік жұмыста істеуіне рұқсатпа,және қанша аптаға дейін немесе декретік демалысқа дейін бе
Жауап беру
Г
Гулжанар 28.10.2022
Сәлеметсіз ба егер мен декретке шыққан адамның орнына жұмысқа кіріп жұмыс жасап жүріп декретке шыққан болсам жұмыс орным сақталады ма? Сол жағын айтып жіберсеңіз
Жауап беру
Н
Несібелі 27.10.2022
Менің келінім қараша айында еңбек демалысына шығуы керек ол өзі жукті желтоқсан айында жүкітілігіне орай декретке шығуы керек сұрақ ол қараша айында еңьек демалысына кетіп желтоқанда декретке шыға алама осыған жауап бересізжерма
Жауап беру
Ә
Әубәкір Элмира 02.09.2022
Салеметсиз бе менің аяғым ауыр 3 айлық, мен мектеп медсестрасымын мен жұмысқа кірерде біреудің орнына кіргенмін яғни декретницанын орнына ол жұмысқа баласы 1 жасқа толмай жұмысқа тусті мені аяғым ауырлығына қарамай жұмыстан шығарды менің қандай құқығым бар көмек тесіп жіберсеңіз
Жауап беру
А
Алмагүл 11.07.2022
Сәлеметсіз бе! Мен 4 баланың анасымын. Бесінші баламды күтіп жүрмін. Сіздің декретпен миллионға атты программаңызға қалай қатысуға болады. Жеке басымда ешқандай мүлік. Баспаналы болу арманымыз.....
Жауап беру
Н
Нургул 09.07.2022
Айман менде де сол проблема
Жауап беру
А
Айман 28.06.2022
салеметсіз бе Сізден сұрайын дегенім мені декретке шығармай сразу енбек шарты мен жұмыстан шығарғалы жатыр. декрет шығармау себебі басында жүкті екеніңді айтпадын дейді. жұмыс орным частный калай декретке шықсам болады. Рахмет
Жауап беру
Ж
Жанар 16.07.2022
Саламатсызба жүктілік кезінде жұмыстан босатылуы дұрыспа мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың жабылуына байланысты жұмыстан босатып жатыр 10/11 апта жүктілік мекеме жұмыс тауып беру тиіспе
Жауап беру
Л
Ляззат 15.06.2022
Сәлеметсізбе мен садикке январда жумыска кіргем.Уакытша төрт айға .Ана әйел кузде шығатын болды менің аяғым ауыр.бес ай болды.маған сені уакытша алғанбыз кол хат жаз дейді декретный алып кетесің дейді.мен не жасасам болады
Жауап беру
М
Маржан 29.03.2022
Саламатсызба?Мен 23 аптада жүктімін. Маган айтты сізді кыскартамвз деп.оз еркін ізбен шыкпасанызда озимиз статьямен шығарамыз кешіккен кунініз бар соларды сылтау етіп деп тур.каншалыкты занды
Жауап беру
Л
Ләззат 09.02.2022
Саламатсыз ба, мен 2019 жылдың мамыр айынан бастап 2021 жылдың маусым айына дейін баспасөз саласында жұмыс істедім. 2021 жылдың маусым, шілде айларында жұмыссыз қалып, тамыз айынан жылдың соңына дейін қоғамдық жұмыспен қамтылдым. 2022 жылдың қаңтар айында жұмыссыз қалдым, келісім шарттың уақыты аяқталды. Қазір жүктіліктің 30 аптасындамын. Мен жүктілігіме байланысты қандай да бір әлеуметтік көмек ала аламын ба? Өзім көп балалы аламын.
Жауап беру
З
Зауреш 20.12.2021
Сотталган айелге балага быр толенетын жардем акы толенеме
Жауап беру
З
Зауреш 20.12.2021
Сотталган айелге балага быр толенетын жардем акы толенеме
Жауап беру
З
Зауре 26.09.2021
Саламатсызба.Мен декреттік демалыста отырмын,бір жасқа толмадық але.Жұмыстан қысқарту лар болып жатыр екен.Мені сыртымнан қысқартып жібере аладыма.Қай заңнан көрсем болады?
Жауап беру
Б
Балауса 18.11.2021
Мениде солай. Кеше осы ноябрьдын ьасында декретке шыктым. Қыскарту келип жатыр. Ощ еркинизбен шықтым деп жазыныз деп адделкадрм айта берет. Нестеуге болат? Жауап бергендерге аллын ала рахмет
Жауап беру
Г
Гульмира 14.01.2022
Жок, кыскарта алмайды (ст.54, 2 пункт ТК РК). Оз еркинизбен арыз жазсаныз гана жумыстан босатады.
Жауап беру
З
Зауре 26.09.2021
Саламатсызба.Мен декреттік демалыста отырмын,бір жасқа толмадық але.Жұмыстан қысқарту
Жауап беру
А
Айнур 01.09.2021
Салематсизба, 2 балам бар, 3 балама екикабатпын, уйде отырганыма 6 жыл болды, 2 ши балам ЗРР, кандай комек айта аласыз
Жауап беру
А
Амангүл 87712763397 хабарласуға болат 17.08.2021
сәлеметсізбе сізден декреттік демалыс туралы кеңес сұрайын дегем қалай сөйлесуге болат
Жауап беру
У
Урхия 16.07.2021
оте дурыс
Жауап беру
А
Айжан 15.07.2021
Өте дұрыс
Жауап беру
С
Сания 15.07.2021
Саламатсыздарма, мен декретте отырганыма 2 жыл болды. Енди жумыска шыгайын десем, Алматыдагы офис жабылды, Атырауга келиниз деид. Менин ИТД рекрутинг агенство аркылы, олар Алматыда жумыс жок, кутиниз деиди. Енди я жумыска шыга алмайм я компенсация ала алмай отырмын. Кандай кенес бересиз? Не истесем болады? Копбалалы ана
Жауап беру
С
Сания 15.07.2021
Саламатсыздарма,
Жауап беру
А
Айнур 14.07.2021
Сәлеметсіздер ме? Декретный ақшамы әлі ала алмай жүрмін, бухгалтер возврат жазып жіберген, әлі белгісіз. Әжептәуір уақыт өтті. Ешқандай жауап келген жоқ. Гцвп ға барып сұрасам, возвратың ақшасы әлі түскен жоқ дейді
Жауап беру
А
Алия 13.07.2021
Сәлеметсізбе. Былтыр қаңтар айында босанғанмын сол жылы маған сәуір айында отпускаға өтініш жазыңыз отпускной төленеді деп ақшамды түсіріп берген. Енді мен үш жасқа дейін ақысыз демалыста отырмын ғой маған отпускной төлкне
Жауап беру
А
Алия 13.07.2021
Биылда отпускной төленедіме
Жауап беру
А
Алтынай 18.07.2021
Жоқ әрине, ол жылы сіз заңды түрде жумыс жасаған едіңіз ғой, сол үшін төледі, ал бул жылы жумыссыз декреттесіз
Жауап беру
А
Алтынай 18.07.2021
Жоқ әрине, ол жылы сіз заңды түрде жумыс жасаған едіңіз ғой, сол үшін төледі, ал бул жылы жумыссыз декреттесіз
Жауап беру
Б
Бакыткуль 10.07.2021
Декретте жүріп тағы жүктілік болса ештеңе төлемейді неге азайтып ған болса да декреттік ақы тағайындамасқа
Жауап беру
Ж
Жанар 10.07.2021
Егіз босанған аналарға өкіметтен қандай көмек беріледі екен??
Жауап беру
Д
Дана 10.07.2021
Салеметсиздер ме! Емизули ана баласы 1-жаска толысымен жумыска шыгуга отиниш берип (алеуметтик жагдайына байланысты) жумыска шыкты. Басшылык тарапынан ол анага ешкандай женилдик карастырылмайды казир, барлык жумысшылар секилди толык жумыс истейди, 2-3 рет баламды корип келейин деп суранып еди, жибермеди. Жас емизули ананын жумыстагы кукыгы туралы да жазып отинизши, ракмет.
Жауап беру
11.07.2021
Оте орынды сұрақ,мағанда осы сұрақ маңызды!
Жауап беру
М
Молдир 10.07.2021
Балам 1 жарым жаста жумыска шыгуга барсам балан кишкене деп алмады...Каншалыкты занды?
Жауап беру
Қ
Қаламқас Усенова 10.07.2021
Жұмыс беруші бала кішкентай болған соң ертең ауырып қалған жағдайда сұрануы көп болады деп көбіне жұмысқа шығарғысы келмейді. Жұмысқа қашан шығатыныңыз өз еркіңізде. Бірақ Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Сіз жұмысқа шығуды жоспарлаған айдан 1 ай бұрын жұмыс берушіні ескертіп, бала күтімі демалысынан кейін жұмысқа кірісу туралы арыз жазуыңыз қажет. Бір айдан кейін Сіздің арызыңыз қаралмаған болса Еңбек инспекциясына шағымдануыңызға болады.
Жауап беру
Ж
Жансая 10.07.2021
Емізулі ана 8 айлық баласы бар. Директор жұмыстан шығарып жіберді. Жас аналар құқығы қалай сақталады. Шағымданып аудандық, облыстық білім бөлімдеріне барды нәтиже болмай тұр.
Жауап беру
10.07.2021
Сәлеметсізбе. Егер негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне уақытша жұмысқа қабылданған болса (декреттегі қызметкердің орны) негізгі қызметкер жұмысқа кіріскен уақытта орнына келген уақытша қызметкер жұмыстан босатылады. Бұл кісі декретте болған уақытта жұмыстан шығарылған болса заңсыз болады. Не себепті жұмыстан шығарылды бұйрықпен танысыңыз. Бұйрықпен келіспеген жағдайда еңбек инспекциясына жазып, сот арқылы шағымдансаңыз болады
Жауап беру
А
Алеке 10.07.2021
Бала туған соң, 3 жылға бала күту де алысына кеткен жөн, сонда еңбек орныңыз сақталады.
Жауап беру
А
Айгул 10.07.2021
Осынын бари ТОО ғада жарайдыма?
Жауап беру
А
Алеке 10.07.2021
Еңбек кодексі ол барлығына бірдей басшылық құжат.
Жауап беру
А
Айнур 10.07.2021
Егер жанұялық себептермен уақытша ауданға көшіп кетсе жұмысты онлайн жасауға болама өтініш жазып
Жауап беру
А
Алеке 10.07.2021
Жұмыс берушімен келісіп жасауға болады, ал көштім деп жұмысты тоқтатуға болмайды.
Жауап беру
Е
Ерлан 10.07.2021
8 ай жумыс істеп Декретке шығып кетсе,жумыс орнынан отпускной акша ала алады ма?на
Жауап беру
Қ
Құралай 10.07.2021
Менде жүктіліктің 9аптасы болып жатыр яғни таксикоз болып жатырмын жұмысқа бара алмай жатырмын маған декретный шығарып бере алама или полный ай баруым керекпа
Жауап беру
А
Айгул 10.07.2021
7айға дейін опвға ақша туссе болды
Жауап беру
А
Айдана 10.07.2021
Үш жасқа толмаған баласы бар аналар құқықтары қандай?
Жауап беру
А
Айдана 10.07.2021
Үш жасқа толмаған баласы бар аналар құқықтары қандай?
Жауап беру
А
Айдана 25.05.2021
Декреттик демалыс 126 биткен соң жұмыс орны өз еркинмен жумыстан кетуге заявление жаз деп отыр. Балага сонда бир жасқа дейінгі жәрдемақы толенбейди дид фирмадан. Тек мемлекеттен аласын деп отыр. Сонда ай сайынғы алатын жәрдемақы мөлшер канша төленеді мемлекеттен егер 2жыл бойы айлыгым 200.000 теңге болса
Жауап беру
М
Марал 10.07.2021
Заңсыз дүрыстап сізге пенсёнка аудармаған сияқты тексертіңіз. Кемінде 1 жасқа дейін 65000т алу керек едіңіз
Жауап беру
С
Салтанат 08.04.2021
Декреттік демалыс 126кун біткесін жумыска шыга беруге болама казіргі жагдайда
Жауап беру
М
Марал 10.07.2021
Шығуға құқыңыз бар
Жауап беру
А
Аманбиі 03.03.2021
Карантинге байланысты жукті мұғалімдерді үйге онлайн сабақ бергизу каншалыкты заңды
Жауап беру
М
Марал 10.07.2021
Қызыл аймақ болса онлайн болады
Жауап беру
А
Аманбиі 03.03.2021
Карантинге байланысты жукті мұғалімдерді үйге онлайн сабақ бергизу каншалыкты заңды
Жауап беру
Г
Гульшахризат 23.02.2021
Бала күтімімен отырғанда, отпуска алуға болама
Жауап беру
А
Акерке 17.02.2021
Дикрет калай есептимиз
Жауап беру
Ж
Жадыра 19.02.2021
Босануға дейінгі декретныйды қалай есептейміз.
Жауап беру
А
Акерке 17.02.2021
Дикрет калай есептимиз
Жауап беру
А
Айтолкын 17.02.2021
Мен декреттемин балам 2 толган, казир екинши балама аягым ауыр 1 ай болды.Енди жумыска шыгайын десем олар маган сиздин аягыныз ауыр ,бирнеше айда кайта кетесиз Дейзи кабылдай алмаймыз дейды,
Жауап беру
М
Мариям 10.02.2021
Жумыста жасамаған жукти әйелдерге үкімет кандай көмек карастырган
Жауап беру
Ж
Жансая 06.02.2021
мен ауруханада жұмыс жасаймын бірақ, жк атанып балама алатын пособиямды арттырғым келеді, 1 бала 4 айдамыз
Жауап беру
М
Меруерт 06.02.2021
Менде ИП бар отчёт 1000мынмен жауып жатырмын Маган кандай сумамен шыгады декрет 4балага
Жауап беру
Г
Гүлнұр 31.01.2021
Мен мемлекеттік жумыска жасаймын және ип бар 6айда 0 отчет пен жауып келем казир 13аптамын ип мен декретке калай шығуға болады
Жауап беру
Г
Гүлнұр 31.01.2021
Мен мемлекеттік жумыска жасаймын және ип бар 6айда 0 отчет пен жауып келем казир 13аптамын ип мен декретке калай шығуға болады
Жауап беру
Г
Гүлнұр 31.01.2021
Мен мемлекеттік жумыска жасаймын және ип бар 6айда 0 отчет пен жауып келем казир 13аптамын ип мен декретке калай шығуға болады
Жауап беру
Г
Гүлнұр 31.01.2021
Мен мемлекеттік жумыска жасаймын және ип бар 6айда 0 отчет пен жауып келем казир 13аптамын ип мен декретке калай шығуға болады
Жауап беру
К
Кундыз 30.01.2021
Оте керемет Рахмет сизге Коби билет бермиди.
Жауап беру
Х
Хадиша 28.01.2021
Енді мен сол мектепке қалай жұмысқа тұра аламын? Жаман қатты ауырып та қалдым. Жұмыс істеп жүрген адамды жұмыссыз қалдыру өте қатты жаза екен. Жұмысым бойынша ешқашан жамандық естімеген едім Енді жұмыссыз қалдым
Жауап беру
Х
Хадиша 28.01.2021
Өтініш жасадым мені диретте отыр деп келісейік деп директор болмайды деп босатып жіберді.
Жауап беру
Х
Хадиша 28.01.2021
Мектепте 17 жыл жұмыс істедім басқа мектепке завуч болып ауысып бір жыл жұмыс жасадым кейін қайтадан өз орныма тест тапсырып бір жыл орныма мұғалым болып жұмыс істедім. Бірақ директор мен сені еңбек шарты бойынша бір жылға алдым деді. Ол кезде менің дикретке шыққаныма төрт ай болған болатын. Сөйті мені жұмыстан босатып тастады
Жауап беру
Х
Хадиша 28.01.2021
Сәлеметсіз бе?
Жауап беру
С
Сәлеметсіз бе! Мен бала күтімі демалысындағы қызметкердің орнына уақытша жұмыс істеп жүрмін, қазір аяғым ауыр, екі айдан соң декретке шығамын, сол кезде мені автоматты түрде жұмыстан шығаруға басшылардың кұқығы барма 28.01.2021
Осы сұрағыма жауап берсеңіз
Жауап беру
Г
Гулим 28.01.2021
Күшті
Жауап беру
Г
Гульмира 28.01.2021
Жүкті Әйелдерге жұмыссыз болсада көмек болама
Жауап беру
А
Айнур 27.01.2021
Жүкті жұмыс істемейтін әйел кісілерге қандай жеңілдіктер бар
Жауап беру
М
Масума 27.01.2021
1-3жас аралығында баласы бар аналарға жұмыс тәртібі қандай. Сұрағым келгені жұмысқа 15-20мин кешігіп келу немесе 30 мин ерте қайту сияқты. Тағы бір сұрақ мүгедек баласы бар аналарға жеңілдіктер барма
Жауап беру
А
Асем 27.01.2021
Емізулі баласы бар аналар Еңбек кодексіне сәйкес обед, кешкі уақытта 30 мин ерте шыға плпды. Немесе сол уақытты 1сағат қылып кешкі не обед уақытында қосып ала алады.
Жауап беру
М
Масума 27.01.2021
1-3жас аралығындағы жұмыс істейтін анпларға
Жауап беру
А
Асель 27.01.2021
Сәлеметсізбе! Мен мектеп декрғттағы хатшының орнында жұмыс істеймін. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Енді мен ақпан айының 1-нен бастап декретке шығайын деп жарырм. Сұрағым хатшы өз орнына жұмысқа шықса мен жұмыстан шығарыламын ба әлде 2022-де бастауыш сынып мұғалімі пенсияға шығады сол кісінің орнына тұрк аламын ба?
Жауап беру
А
Асем 27.01.2021
Декреттегі хатшы орнына шықса жұиысқа шыға алмайсыз. Бірақ үш жыл бойы бала күтіміне байланысты демалыста отыра аласыз..сол уақыт ішінде пенсияға мұғалім шығып, орын босап, директор жұмысқа қабылдаса әрине жұмысыңызды жалғастыра аласыз. Ол кісі пенсияға шығарда сізге директорға келіп өтініш жазу керек
Жауап беру
Ә
Әйгерім 27.01.2021
Мен, мемлекеттік қызметкер, 21 апта аяғым ауыр, сұрағым жұмыс уақытын 8 сағат емес 4-5 сағатқа қысқартсам, жалақым сол күйінде сақталады ма?
Жауап беру
З
Зарина 27.01.2021
Сәлеметсіз бе!? Мен жеке ққ қызмет атқарғанмын.Наурыздың 20 күні бізді ақысыз демалысқа 16 на жіберіп қойғаны жөнінде басшыларымыз почтаға салып жіберген пандемияға байланысты, ал біз хабарсыздан жұмысымызды атқарып жүрдік.Сол уақыт.бері үйде ақысыз демалыста отырдық.Одан кейін декретке шығат.уақытымда маған ешқандай қағаз бермеді декрет.тапсыруға, бізде ешқандай ақша жоқ деп.Содан декрет.ала алалмадым.Ьұл жағдайда не істеуге болады?Алдын - ала рақмет!
Жауап беру
З
Зарина 27.01.2021
Сәлеметсіз бе!? Мен жеке ққ қызмет атқарғанмын.Наурыздың 20 на бізді ақысыз демалысқа 16
Жауап беру
З
Зарина 27.01.2021
Сәлеметсіз бе!? Мен жеке ққ қызмет атқарғанмын.Наурыздың 20 на бізді ақысыз демалысқа 16
Жауап беру
М
Мадина 27.01.2021
Сәлеметсіз бе мен қазір декретегі анамын балам 1жастан асты. Мен жұмысқа шықым келеді, бірақ жұмыс отным қабылдамай жатыр балаң 3жасқа толған соң келдеп отыр. Олай болмайдығой менің 2балам бар оларды бағуым керек 1жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін ақшада бітті енді өз күшімен жұмысымды істеуім кереқой
Жауап беру
С
Сабила 27.01.2021
Мен дикрет калам буйырса босанып дикрет уакытым аякталған сон оз орныма жұмыска шыға аламба.
Жауап беру
С
Сұлушаш 27.01.2021
Ия декретіңізді 1 жыл болмаса 1 жарым жыл деп жазсаңыз онда шыға бересіз
Жауап беру
С
Сабила 27.01.2021
Мен дикрет калам буйырса босанып дикрет уакытым аякталған сон оз орныма жұмыска шыға аламба.
Жауап беру
Н
Назерке 27.01.2021
Әрине баланы қарайтын адам табылса,өз орныңыз сақталады.126 күніңіз біткесін шыға беруіңізге болады
Жауап беру
Д
Дина 27.01.2021
Мен қазір декретте отырмын балама 9ай. Тағы да жүкті болдым, 3 айлығында жұмысқа 4ай түсіп қайта декретный ала аламын ба және жыл сайынғы еңбек демалысын?
Жауап беру
Ғ
Ғуу щрз 27.01.2021
Ала аласыз
Жауап беру
27.01.2021
Ала аласыз
Жауап беру
А
Арайлым 27.01.2021
Бала босанғаннан кейін декретте 3 жылға дейін отырғанда, әр жылдың еңбек демалысын алуға болады ма?
Жауап беру
З
Зинегүл 27.01.2021
Сəлеметсізбе? Мен ип Мен жұмыс жасап отырмын. Жүктілігім 16-17аптада дəрігерге тіркелдім. Кеш тіркелгенім декреттік демалысқа кедергісі болмайма? Ауру бойынша демалыс (больнешный )ала аламынба?
Жауап беру
Г
Гүлшат 27.01.2021
Бірінші отпускной алып, содан кейін декретный алса бола ма?
Жауап беру
А
Аида 27.01.2021
Иа
Жауап беру
Н
Нурила 27.01.2021
Болады, егер декретке шыгуга уакытыныз толмаса.
Жауап беру
Т
Тоғжан 27.01.2021
жумыс орнынан 7ай істеп декретке кеткенде декретныйды сол жумыс жасаган мекеме төлейма?Жана зан шыкты деп естип шок болып жатырык жумыс орында төленбейді,цон аркылы документ жинап аласыздар,екі мекемеден алуга болмайд деген соны калай тусинсек болады
Жауап беру
Т
Тоғжан 27.01.2021
Салеметсізбе?
Жауап беру
Ш
Шамшат 27.01.2021
Мен жумыс жасап,осы айдын 24куни босандым,жумыс орным али пенсенкамды жибермей отыр,кандай шара колланаламын,жумыстан расчётный ала аламба
Жауап беру
А
Айнур 27.01.2021
Сіз декретке шықтыңыз ба? Әлде жұмыстан шығып кеттіңіз ба
Жауап беру
С
Сабира 27.01.2021
Кешіріңіз осы кесеровамен босанғандарға үкімет ақша төлейма
Жауап беру
Б
Балжан 27.01.2021
Роддомнан кесерова болды деген справка аламыз, оны гинекологка апарасыз. Гинеколог больничный лист береди. Оны цонга тапсырасыз. Толыгырак гинекологтан сурап ашыныз..
Жауап беру
Н
Нургуль 27.01.2021
Егер сіз жұмыстан декретке шықсаңыз, өкімет кесеровамен туғанға ақша төлейді. Егер жұмыс жасамаған болсаңыз онда төлемейді.
Жауап беру
С
Сабина 27.01.2021
Менде осындай сұрақ бала туғаннан кейін жұмыс орнына өтініш жазып,көмек ретінде бір айлық жалақы алуға болады дегенді естідім, бұл рас па? Өтінішті кімге,қайда жазу керек?
Жауап беру
Е
Ерке 27.01.2021
Мені де осы сұрақ қызықтырып отыр. Басқа қызметкерлер алған екен. Көмек ретіндегі ақша алған. Ал біз білмеппіз. Мемлекеттік қызметкермін ғой. Енді қазір декреттемін. Мен ала аламын ба декретте отырсам да???
Жауап беру
р
рауан 27.01.2021
мен жумыс жасап отырган орынга бурынгы декреттеги кыз оз орнына келем десе мени жумыстан шыгарадыма?
Жауап беру
27.01.2021
Зан бойынша босатуыныз керек
Жауап беру
Н
Назгул 27.01.2021
Керемет. Осылай жазып отырса ширкин. Анык анык. Тусиникти етип.
Жауап беру
А
Айка 27.01.2021
Баска жумыска орналасу ушин осы айдын басында отиниш жазып койган едим, 6 куннен кейын жумыстан шыгамын. Енди жукти болып калганымды билдим, жана жумыска орналасуга кукым бар ма?
Жауап беру
Б
Балжан 27.01.2021
Арине. Бирак работодатель 5-6айга уната бермейди гой. Старый жумыста уже доработайте или новый жумыста жукти екенинизди билдиртпениз. Ойткени 3ай испытательный срок болады гой. "Вы нам не подходите" демесин. Удачи
Жауап беру
Б
Ботагоз 27.01.2021
Айтыңызшы. Жүкті әйел өзі ұалаған роддомға барып босануға құқысы бар ма? Мысалы мен Қарағанды облысы , Нұра ауданынанмын. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы роддомда босанғым келеді. Менің қаншалықты құқығым бар?
Жауап беру
А
Асыл 27.01.2021
Мен ГПХ договор бойынша жумыс жасадым. Енді соц отчисление аудармаған компания. Дородоврйсыз калып отырмын. Бул жағдайда не істеуге болады?
Жауап беру
Ф
Фая 27.01.2021
Мендеде осындай жагдайга калып отырмын
Жауап беру
А
Айсулу 27.01.2021
Саламатсыздар ма!сурагым казыргы танда 3-шыме жуктымын,Алла жазса наурыз айында босанамын,еш жерде жумыс жасамаймын уй кутушысы ретынде тыркелгем,бырак озым 1-курс студентымын колледждын грант болымынде казырге колледж басшылыгынан жуктылыгыме байланысты онлайн окуга отыныш былдырып,казырге онлайн окып жатырмын.Сурагым баланы босанып болган сон академически алу шарт па?академически алмай-ак онлайн турде окуды жалгастыра беруге кукугым бар ма? Жалпы окуга байланысты жукты айелдын кандай кукутары бар?тагы сурагым бала туылганнан кейынгы 1 жаска дейынгы укыметтен толенетын комек акы ар бала санына карай ар турлы ягни жогарыда айтып откенымдей ушыншы баламды босангалы отырмын,демек есеп бойынша 3-баланын 1 жаска дейынгы комек акысы 1,2 балага караганда жогары болуы тиыс екеныннен хабардармын,менын жагдайымда быр маселе болып тур.Ол маселем менын 2-шы балам 4 жаска толганда шетынеп кетты,енды маган укымет тарапынан берылетын комек акы 2-шы балага есептегендей толенеды ма,алде 3-шы балага толенетын акыны толейды ма?
Жауап беру
27.01.2021
3- ши балага толенеди, академиялык демалыс алу миндеттелмейди
Жауап беру
Ж
Жан 27.01.2021
3ши балаға береди . куаликтерди тапсырасых.
Жауап беру
Т
Тахмина 27.01.2021
Мен ай сай есп толеймін жүктімін сол есп мен декреттный ала алам ба жүкті болмай тұрып толеп бастагам
Жауап беру
Ж
Жансая 27.01.2021
Әрине болады!
Жауап беру
Г
ГУЛЬЗАДА 27.01.2021
Сәлеметсіз бе, мен балама 6 ай толғанда жұмысқа шығуға құқығым бар ма? Және емізулі 6айлық нәрестесі бар жұмыскерге қандай жеңіллік қарастырылған заң бойынша, өтініш айтып өтсеңіздер, Рахмет
Жауап беру
Г
Гулзира 27.01.2021
Жұмысқа шыға беругк құқығыңыз бар әрине, емизулі болса үйге барып емізіп келе аласыз, оған арнайы уақыт бар,
Жауап беру
А
Айгуль 27.01.2021
Сәлеметсізбе мен бала күтіміне байланысты үш жасқа дейінге дейінгі демалыста едім. Енді осы демалыста жүріп екінші бөлімді бостандық. Осы жылдың июнь айында демалыс бітеді. Енді екінші балама байланысты мерзімін ұзарту алам ба?
Жауап беру
Г
ГУЛЬЗАДА 27.01.2021
Әрине ұзарта аласыз, менде де ондай жағдай болған
Жауап беру
Н
Нургуль 27.01.2021
Керемет аппарат бергенинизге рахмет!
Жауап беру
Р
Райхан 27.01.2021
Керемет айтылған рахмет Даулет мырза кашанда сізді кодаймын
Жауап беру
Н
Нуржанат 27.01.2021
Карантин ге байланысты аяғы ауыр әйелді акысыз күнге калайсын десе біз калуга міндетті мізба
Жауап беру
Н
Нуржанат 27.01.2021
Карантин ге байланысты аяғы ауыр әйелді акысыз күнге калайсын десе біз калуга міндетті мізба
Жауап беру
К
Кенже 27.01.2021
Мен қазір 3жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек демалысындамын 1жасқа толдық екінші балаға жүкітімін жұмысқы шығып қайтіп декретке шыға алмаймын бұл жерде нестеуге болады екінші бала дүниеге келгесін ұзартылама еңбек демалысым сондай сұрақ әлде бірінші үшке толғанда жұмысқа шығу керек болама?
Жауап беру
Л
Ләззат 27.01.2021
Сұрақ: мен қазір 126 күнді еңбекақысы сақталмайтын демалыста едім.Жұмыс орнымнан отпуск сұрасам болама.ондай жүкті әйел ала алама
Жауап беру
А
Айка 27.01.2021
Жуктилик кезимде калаган емханага тиркеуге туруга болады ма?
Жауап беру
Қ
Қарақат 27.01.2021
Сұрақ: егер мен жұмысқа біреудің декреттегі әйелдің орнына шығып, өзім декретке кетсем жұмыс орнынан автоматически шығарып жіберема? Алдындағы келіншек шықса
Жауап беру
Н
Назерке 27.01.2021
Оте пайдалы кенес болды. Рахмет
Жауап беру
А
Ақерке 27.01.2021
Сәлеметсіз бе мен декреттегі ана едім мен медбике болып жұмыс жасадым балам қазір 1жас 4ай жұмысқа шығайын десем декретке 3 жасқа дейін жазғансың деп шығармай отыр қазір енді қайта көтеріп қойыппын негізгі орын өзімдікі ешкімнің декреттік орнына кірген жоқпын содан жұмыс берушім айтады өз орның сақталмайды қазір заң сондай бұрынғыдай өз орныңа бара алмайсың 3 жыл біткенде қай жерден жұмыс табылса сол жақа барасың дейді олардың айтқаны қаншалықты дұрыс өз кеңесіңізді бере аласыз ба. Ұзақ болып кетсе кешірім сұраймын Алдын ала Рақмет ....
Жауап беру
Ж
Жанат 27.01.2021
Саламатсызба, зангер емеспин, бирак, оз орныныз сакталад, сиздин орныныз га келген адамды жумыстан шгарад, я болмаса баска жерден тауып беред. Сиз орныныз да калайсыз. Кай жерден табылса деген жок. Сиздин кукыгынызды бузбасын
Жауап беру
Ж
Жан 27.01.2021
Мен ұстазбын. Бірақ мектепте жасауға болмайды жүкті әйелдерге деп заң шығарған санпеденсация бұл қаншалықты дұрыс?
Жауап беру
Б
Балбобек 27.01.2021
Мен казир енбек демалысында отырмын, балам 1жастан кетти екинши аягым ауыр болып калды мен жумыска шыгып кайтадан шыгуга кукыгым барма?
Жауап беру
А
Акгуль 27.01.2021
Арине бар
Жауап беру
Г
Гульзада 27.01.2021
Әрине, декрет уакыты ұзартылады.
Жауап беру
Ә
Әйгерім 27.01.2021
Әрине болады. Декретный азда болсада ақша аласыз.
Жауап беру
А
Асем 27.01.2021
Сәлеметсіз менің келніме 16апта еш жерде жумыс жасамайды калай жаксы декреттік акшаны жаксы алуга болады Тоо немесе ип га тіркеу керек дейд
Жауап беру
Ж
Жаудир 27.01.2021
16 апта уже кеш
Жауап беру
а
айгүл 27.01.2021
жүкті әйелге тіл тигіщіп балағат сөз айткандарга қандай заң бар
Жауап беру
Г
Гүлдан 11.07.2021
Қазір заңға бағынбайды басшының көбісі.
Жауап беру
Ұ
Ұлжалғас 27.01.2021
Жүкті кезінде өзіміздің жергілікті поликлиникамызға уақытылы тіркелдік. Енді менің сұрағым алдында 12 аптададан кейін барып тіркелсе ақша беріледі деп естіген едім осы хабар шынба?
Жауап беру
А
Анара 27.01.2021
Мен декреттик демалысында үш жыл отырдым бала кутимимен. Оның арасында тағы босанып алдым, балам 5 айлық. Декреттик демалысын битти деп бастық звандады, бирак сенин 5 айлық балаң бар екен мен сеги жұмысқа алмаймын деп айтты. Мақұл онда 6 айға б/с жазып кетемин десем, жоқ бир жылға жазып кет деп қоймайды. Енди сол 6 айдан соң жұмысқа барасам мени заң бойынша жұмысқа кабылдай ала ма, әлде сен бир жыл жазып кеттин б/с деп жұмысқа алмай қоя ма? Менин озимнин таза орным негизи, бастық адам ала берген усти үстінен
Жауап беру
Б
Бекболат 27.01.2021
Маңызды ақпарат ала алмадым. Барлық жазылған сол жүкті әйелдер істеп жүрген ісі декрет барады келеді. Бірақ жұмыс орны жұмыстан шығарам десе олар сылтау табады. Соттада олар женіп шығады.
Жауап беру
Г
Гульзира 27.01.2021
Салеметсыз бе! Мен Аллага шукир аман есен босанып алдым. Бырак меның аяғым ауыр кезде ауырып больницада көп жаттым. Сол кезде жумыстан маған тыныштык бермедым жалакымдыда кесып тастады. Енды декретке аз акшамен шыктым. Соңғы айымдыла безсодерданияга дыберды. Мен казыр кулаласам жалакымды кайтарып ала аламын ба?
Жауап беру
А
Аксункар 27.01.2021
Егер больничный лист тапсырсаңыз без сожержанияға жібере алмайды. Ауырдыңызба, дәлелдеп больничный лист аоқылы өзініңізге ьерілген жалақыны алуға тиістісіз. Және бір айта кетететіні 1жылға тек 3 больничный аштыруға құқылысыз. Одан көп болса төлейбейді
Жауап беру
А
Акмарал 27.01.2021
Мен военный жумыс жасайм бул зан маганда катыстыма . Маган сен военный обязанныйсын саган катысы жок дейди. Мен 2020ж 7 айга толғанда 8 июньде до родовой и после родовой демалыска кеттим август 28 босандым и декабрьдин 22 де жумыска шыктым декретке шыккан жокпын бирак казир 2021 ж кантар айы аягым ауыр 1апта 5 кун енди менин сурагым тагыда декретке шыга аламба жумыста жургизбей жур алдынгы декретине кет деп басшы курамдар
Жауап беру
А
Аксункар 27.01.2021
Ойбай 1апталық бала бар екенін қайдан білдіңіз даже узи 1апта түгілі 3апталықты айта алмайды
Жауап беру
А
Акмарал 27.01.2021
1апта емес 1 ай
Жауап беру
Г
Гүлбақыт 27.01.2021
Жоқ, сізді жұмыстан шығаруға или декретке жіберуге ешқандай құқықтары жоқ! Толығымен декретке дейін жүріп, декретке кайта шыга аласыз
Жауап беру
Б
Баян 27.01.2021
Сіз өз құқығыңызды мүлдем білмейсіз ғой заң ҚР арналған военныйлар басқа мемелекетте тұрмайды ғой
Жауап беру
А
Акмарал 27.01.2021
Соны айтсам маган жок ондай емес сен военный обязанныйсын деп
Жауап беру
Б
Баян 27.01.2021
Сіз өз құқығыңызды мүлдем білмейсіз ғой заң ҚР арналған военныйлар басқа мемелекетте тұрмайды ғой
Жауап беру
А
Акмарал 27.01.2021
Мен военный жумыс жасайм бул зан маганда катыстыма . Маган сен военный обязанныйсын саган катысы жок дейди
Жауап беру
М
Мейрамгуль 26.01.2021
Мектепте пол жуушы болған кезде қандай ауыр десеңізші пол жуған аяғы ауыр кезде
Жауап беру
Т
Толганай 26.01.2021
Саламатсызба мен медсестра болып жумыс истеймин брак декрете шыктым 3 жылга енди уш жыл болмай жане босанайн деп жатырмын соган декретни шгама шыкпайм мА екинши рет брак жумыска шыкпадым мен
Жауап беру
27.01.2021
жоқ декрет төленбейді.Жұмыс орныңызды сақтай аласыз
Жауап беру
27.01.2021
Кайта жалгастыра аласызго декретти
Жауап беру
А
Айжан 26.01.2021
Садикте ағылшын тілінен вариативте жүр едім. Жүктіліктің 6 айындамын. 2021 жылдың январ айынан ағылшын вариативтері алынып тасталды деп жұмыстан босатып жатыр. Қаншалықты дұрыс? Декрет берілмейді деп тұр
Жауап беру
Ж
Жадыра 27.01.2021
Декреттің 1 реттік ақшасы сіздің жұмыс істеген соңғы 1 жыл есептеледі 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасаған болсаңыз беріледі 1 жасқа дейінгі ақша соңғы 24 ай яғни 2019 жылдан бергі жұмысыңыздың жалақысына байланысты есептеледі құжат тапсырыңыз сізге беріледі
Жауап беру
А
Арайлым 26.01.2021
Сәлеметсізбе мен қазір жүктімін отпускаға декреттен кейн шықсам болама бугалтерден сұрасам бірінші отпускаға шық дейді сол кезде декретный көп шығады дейді сол жағын айтып жіберсеңіз
Жауап беру
А
Айна 26.01.2021
Бухгалтер дурыс айтады,
Жауап беру
А
Айнур 26.01.2021
Салеметсизбе!Мер каз бала кутимимен уйде отырган анамын,казирги уакытта кайта жуктимен бирак жумыска шыкканым жок ,алла буйрса екиншимди босанып алсым жумыска шыкпай ак акылы кезекти демалысымды ала аламынба?
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
сіз жұмысқа шығып жұмыс жасасаныз хотя бы 4-5 ай то аласыз,ал жұмысқа шықпасаныз есп арқылы ала аласыз 87079480024 ном жазыныз
Жауап беру
Н
Нагима 26.01.2021
Сіз қайта жүкті болсаныз қайта дұрыс болғаны . Себебі: жұмысынызға барып қайтадан дикретныйға шығаласыз ! Яғни 7 ай или 5 ай істесеніз болғаны жұмыста және от пуска шыгады
Жауап беру
А
Араилым 26.01.2021
Жок ала алмайсыз
Жауап беру
Т
Тоғжан 26.01.2021
Мен лекреттем бала күтіміне баиланысты балам 2 жаска толды, казирги уакытта каита жуктімін енді декретке шыга аламынба каита боладыма олаи
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
сіз жұмысқа шығып жұмыс жасасаныз хотя бы 4-5 ай то аласыз,ал жұмысқа шықпасаныз есп арқылы ала аласыз 87079480024 ном жазыныз
Жауап беру
Н
Нагима 26.01.2021
Әрине болады
Жауап беру
Н
Нургул 26.01.2021
Мен- жуктимин, осы қаңтар айында мені басқа жұмысшылар сияқты б/с жіберді, жұмыс азаюына байланысты, сол дұрыс па? Енді тағы б/с жіберсе, шағымдала аламын ба?
Жауап беру
Л
Лязка 26.01.2021
Жүкті кезде компания біздің атымыздан соц.налог төленбесе ондай жағдайда біз декреттік төлемді аз ақшамен аламыз ба?. Сондай жағдайда біз не талап ете аламыз?
Жауап беру
А
Анонимно 26.01.2021
Жұмысқа 7.07.2020 кірдім, енді ақпан айында еңбек демалысына шықсам болама? Наурыз айынның соңында декреттік демалысқа шығатын едім
Жауап беру
А
Айнұр бухгалтер 26.01.2021
Сәлеметсіз бе, әрине болады. Бірінші ақылы еңбек демалысы, сосын декретный больничный. Немесе декретный больничный сосын ақылы еңбек демалысы
Жауап беру
А
Анонимно 27.01.2021
Уақытша жұмыс ісеймін. Юрист 6 айдан асқан соң болады шығуға деген енді өтініш жазам десем көк қағаз алып кел сосын шығарып берем дейді. Негізі бір жыл болмай шыға берсем болады ғой ия?
Жауап беру
3
3жылға демалыска құғыңыз бар екенін билемиз бирақ 3ж бойы кім асырайды соны укимет ойлады ма амал жоқ 5.6 айында жұмысқа шығып кетемиз тамак керек асырау керек деп 26.01.2021
Анонимно
Жауап беру
Н
Нагима 26.01.2021
Өте өте дұрыс айтасыз 100% қосылам
Жауап беру
А
Анонимно 26.01.2021
Декретке шыгу ушын не истеу керек?
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
жұмыс жасайсыз ба қандай да табысыныз бар ма : 87079480024 ном консультация керек болса
Жауап беру
А
Айнур бухгалтер 26.01.2021
Сұрақ түсініксіз
Жауап беру
И
Индира 26.01.2021
Ауырып, врачтың айтуымен ертеңіне жұмысқа келмесем, айлықтан сол келмеген күнді ұстап қалуға құқылы ма бухгалтер
Жауап беру
Х
Хамбар Еркегул 26.01.2021
Осы ТОО да жумыс истесе декретный толенеды ма?
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
егер де ТООдан соц отчисления журип турса то болады
Жауап беру
И
Инабат 26.01.2021
Төленеді
Жауап беру
А
Акмарал 26.01.2021
Казиргы таңда 2021 жылдан бастап жүкті әйелдер декреттык демалысы 3 жыл яғни 36 аймен есептеледі дейді, бұл биз ушин тиімсіз сияқты осыған байланысты айтсаңыздар
Жауап беру
К
Коркем 26.01.2021
Саламатсызба! ИПсы барлар калай шығады? Канда бару керек декретке шығатын уақытта?
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
30аптада гинекологка барасыз оган дейін ип дан толем жасау керек
Жауап беру
А
Асыл 26.01.2021
Поликленикадан больничный лист алып, 30аптасында ЦОНға апарып өткізесіз. Банктен 20сандық нөмер шотты алып
Жауап беру
Г
Гулжан 26.01.2021
Неге уакытынан бурын босанган кезде декретныйдын жартысын устап калады, ягни до родовой бермейди после родовойды гана береди. Бала кутимине кажет кой, ерте келгеги ушин саби кинали емес кой. Керисинше сол балаларга жаксы кутим керек кой.
Жауап беру
Г
Гулжан 26.01.2021
Неге уакытынан бурын босанган кезде декретныйдын жартысын устап калады, ягни до родовой бермейди после родовойды гана береди. Бала кутимине кажет кой, ерте келгеги ушин саби кинали емес кой. Керисинше сол балаларга жаксы кутим керек кой.
Жауап беру
Г
Гулжан 26.01.2021
Неге уакытынан бурын босанган кезде декретныйдын жартысын устап калады, ягни до родовой бермейди после родовойды гана береди. Бала кутимине кажет кой, ерте келгеги ушин саби кинали емес кой. Керисинше сол балаларга жаксы кутим керек кой.
Жауап беру
А
Акмоншак 26.01.2021
Декреттік демалысқа жалақысы көптеу күйеуі шығуға болама? Болса жолдарын айтып өтсеңіз!
Жауап беру
А
Арай 26.01.2021
куйеуініз дородовой алмайды бірак до года ала алады 87079480024 ном жазыныз
Жауап беру
Ж
Жакси 26.01.2021
Декретке 30аптадан кейинде шыға беруге болама ягни тууга бир аптага калғанда шықсада болама
Жауап беру
Ж
Жакси 26.01.2021
Декретке 30аптадан кейинде шыға беруге болама ягни тууга бир аптага калғанда шықсада болама
Жауап беру
А
Альфия 26.01.2021
Жүкті әйел анализ тапсыру үшін жұмыстан сұранса, бір күнгі жалақысы сақталады ма
Жауап беру
Ж
Жанар 26.01.2021
Жукти әйелдердің биринши декреттик демалыстан екинши декреттик демалысқа жалғасуы кезинде, бурын жасаған жұмысынан екинши рет 30 апталык кезинде декреттик демалысқа документ жинауга, яғни акшасына жинауга болама? Әлде ол кезде екинши рет акша берилмейме? Соны айта кетсеңіз...
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл