Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жұмысынан шығып қалған азаматтар 6 айға дейін айлығының 45 пайызын алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес есептеледі, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Ай сайын айлықтан төленетін сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдің 5 түрінен сақтандырады. Бұл – халықаралық стандарттарға және нақты экономикалық жағдайларға сәйкес жасалған жүйе. Енді оның мақсаты өзгереді, бірақ негізі сақталады. Жүйе әлеуметтік төлемге ғана бағытталмайды, азаматтарды формальді жұмыс істеуге ынталандыруды да көздейтін болады.
"Жүйеге қатысу уақыты мен әлеуметтік төлемдер арасындағы байланысты күшейту, үшіншіден әлеуметтік жарналарын уақытылы аударып отырған жұмыскерлерге сақтандыру қорларынан әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайту болмақ. Мысалы жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарна төлеген уақытына сәйкес 6 айға дейін бұрынғы табысының 45 пайызын төлеу қарастырылып отыр" , - деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту, ауылды жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көбейту жайы қарастырылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттарын даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу де жоспарда бар. Бұл орайда Сенат төрағасы бірқатар ұсыныс білдірді.
"Жұмыс істеймін деген мүгедектігі бар адамдар болса, оларды жұмысқа тұрғызуға біз көмектесуіміз керек. Олар өздерін өздері қамтамасыз етіп, адамдармен араласып, ортаға кіру үшін жұмысқа тұрулары өте маңызды. Егерде мүмкіндіктері болып жатса. Осындай адамдардың ішінде шығармашылықпен айналысамыз деген азаматтар да аз емес. Оларды қолдау да мақсатқа сай деп есептейміз", - парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Жоба аясында әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы мөлшері ұлғайтылмақ. Бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімі 1 жарым жасқа дейін ұзартылып, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі сараланады. Оларға наградталған ана деген жаңа мәртебе берілмек.
Фото: qazaly.kz