| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалып, жалпы 5,2 млрд теңге көлемінде төленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, биыл АӘК бағдарламасына бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.
АӘК-тің негізгі мақсаты – отбасыларға ақшалай қолдау көрсету және еңбекке қабілетті мүшелерді жұмыспен қамту шараларына тарту арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек беру.
Бағдарлама аясында:
Табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік төлем тағайындалады;
Табысы аз отбасылардағы 1–6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі. 2026 жылдың наурызында мектеп жасына дейінгі 50,1 мың балаға 618,1 млн теңге көлемінде қосымша төлем тағайындалды;
Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу арқылы жұмыспен қамтуды қолдау қарастырылған.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ауыл округінің әкіміне немесе Электрондық үкімет порталы eGov.kz арқылы онлайн бере алады.