Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 000 000 теңге көлемінде: Қазақстанда шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды
Бизнесті қолдау

1 000 000 теңге көлемінде: Қазақстанда шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды

17.07.2025
1 мин
0
406
Сурет: ortcom.kz

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Бірыңғай грант операторының қолдауымен шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Байқау жеңімпаздары өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржылай қолдауға және ұйымдастырушылар тарапынан әдістемелік сүйемелдеуге ие болады. Жобаларды жүзеге асыру мерзімі – 3 айға дейін.

Шағын гранттар келесі басым бағыттар бойынша бөлінеді:

  • волонтерлік бастамаларды дамыту (төтенше жағдайлар, экология, медицина, мәдениет, әлеуметтік сала, жануарларды қорғау) – 60 грант;
  • инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант;
  • ауылдық бастамаларды қолдау – 18 грант.

Өтінімдер 2025 жылғы 16 шілдеден бастап 4 тамызға дейін қабылданады.

Байқауға келесі үміткерлер қатыса алады:

  • тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ);
  • волонтерлік жобалар бойынша бастамашыл топтар;
  • 18 жастан асқан жеке тұлғалар (волонтерлік жобалар аясында).

Барлық мәліметті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан (www.cisc.kz) “Гранттар” → “Шағын гранттар” бөлімінен табуға болады. Мұнда байқаулар мен ұйымдастырушылар жайлы толық ақпарат ұсынылған.

Айта кетейік, байқау гранттық жобаларды жүзеге асырып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл