Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 мамырда ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

1 мамырда ауа райы қандай болады?

01.05.2023
1 мин
0
804

Бүгін еліміздің бірнеше аймағында ауа райының бұзылуына байланысты Қазгидромет мамандары ескерту жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан күшті жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің қарқыны ооблыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. 

1 мамыр түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстіктен жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с. 

Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с шамасында. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Бүгін күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай жарқыладйды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші - 15-20, күндіз екпіні - 25 м/с. 

Шымкент қаласында күндіз шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 23 м/с. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с. 

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 

1 мамыр түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, орталықта, облыстың таулы аудандарында қарқыны - 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында - 24-29 м/с. 

Маңғыстау облысының түнде батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с шамасында. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні - 18-23 м/с. 

Алматы қаласында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15 м/с.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл