Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
10 000 000 теңгегелік гранттар: Social Startup 2025 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Бизнесті қолдау

10 000 000 теңгегелік гранттар: Social Startup 2025 бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

17.06.2025
1 мин
0
354
Сурет: depositphotos

Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры жетінші рет өткізіліп отырған Social Startup 2025 гранттық бағдарламасының басталғанын жариялады. Бағдарлама аясында үздік жобаларға 10 000 000 теңгеге дейінгі гранттар ұсынылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Әлеуметтік стартап – бұл өзектi әлеуметтік мәселелерді кәсіпкерлік тәсілдер мен заманауи технологиялар арқылы шешуге бағытталған жоба. Мұндай бастамалар коммерциялық та, коммерциялық емес форматта жүзеге аса алады. Қаржылық тұрақтылық – жобаның әсер аясын кеңейту құралы ретінде қарастырылады.

Бағдарламаның мақсаты – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай келетін және әлеуметтік проблемаларды инновациялық жолмен шешуге бағытталған жобаларды қолдау. Бағдарлама әлеуметтік әсердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған оқыту кезеңін – инкубация немесе акселерацияны қамтиды.

Қатысушылар арнайы дайындықтан өтіп, сарапшылардан менторлық көмек алады. Сонымен қатар, өз жобаларын жетілдіріп, қорытынды питчингте таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыру үшін грант ұтып алады.

Қатысу шарттары:

  • Жоба командасында екі адамнан кем болмауы тиіс, оның бірі – Назарбаев Университетінің студенті немесе түлегі болуы және жобада белсенді рөл атқаруы қажет.
  • Жоба кем дегенде MVP (ең аз өміршең өнім) сатысында болуы керек.

Бағдарламаның кезеңдері:

  • Өтінім қабылдау: 2025 жылғы 10 шілдеге дейін, сағат 14:00 (Астана уақытымен)
  • Техникалық іріктеу: 2025 жылғы шілде
  • Оқу бағдарламасы: 2025 жылғы тамыз – қазан
  • Қорытынды питчинг және іріктеу: 2025 жылғы қазан
  • Шартқа қол қою: 2025 жылғы желтоқсан

Негізгі бағыттар:

  • Инклюзия және тең мүмкіндіктер
  • Білім беру және дағдыларды дамыту
  • Өнер, технология және қоғам
  • Денсаулық сақтау және менталды саулық
  • Экология және тұрақты даму
  • Жергілікті қауымдастықтарды қолдау

Social Startup 2025 – Тұрақты даму мақсаттарына сай, заманауи технологияларды (AI, ML, AR/VR, IoT және т.б.) қолданатын және әлеуметтік әсері нақты өлшенетін жобаларға басымдық береді.

Бағдарлама тек инновацияларды қолдап қана қоймай, қоғамда шынайы өзгеріс жасауға ұмтылған жастар арасынан көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыруды көздейді.

Өтінім беру және толық ақпарат: https://fund.nu.edu.kz/social-startup-2025

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл