Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
10 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

10.02.2025
мин
0
1023
Сурет: ru.sputnik.kz

Қазгидромет" 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ауыспалы бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -18...-20°C, күндіз -6...-8°C.

Алматы

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 2-7 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз 0...+2°C.

Шымкент

Ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -2...0°C, күндіз +4...+6°C.

Ақмола облысы

Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған қар жауады, күндіз көктайғақ болады. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, батысында және оңтүстігінде -20°C, күндіз -3...-8°C, оңтүстік-батысында -11°C.

Алматы облысы

Тау бөктерлерінде аздаған қар жауады. Оңтүстігінде және тау бөктерлерінде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-11°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -14...-19°C, күндіз -3...+2°C, солтүстігінде және таулы аймақтарда -6...-11°C.

Жетісу облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13...-18°C, оңтүстігінде -9°C, орталығында және таулы аудандарында қатты аяз -22...-27°C, күндіз -3...-8°C, оңтүстігінде +2°C, шығысында және таулы аудандарында -13°C.

Түркістан облысы

Түнде таулы аудандарда, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с, батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -4...+1°C, солтүстігінде -9°C, күндіз +4...+9°C, солтүстігінде -1°C.

Батыс Қазақстан облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, күндіз -3...+2°C.

Атырау облысы

Жауын-шашынсыз. Батысында және солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -8...-13°C, күндіз 0...-5°C.

Маңғыстау облысы

Солтүстігінде және орталығында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-9°C, солтүстік-шығысында -12°C, күндіз 0...-5°C.

Ақтөбе облысы

Жауын-шашынсыз. Мұғалжар ауданында боран. Солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні - 9-14 м/с, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, шығысында -15°C, күндіз -2...-7°C.

Қостанай облысы

Жауын-шашынсыз. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, шығысында және оңтүстігінде -18°C, күндіз -1...-6°C, оңтүстігінде -9°C.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде шығысында аздаған қар, боран күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-12°C, оңтүстік-батысында -15°C, күндіз -1...-6°C, оңтүстік-батысында -9°C.

Павлодар облысы

Солтүстігінде және шығысында аздаған қар, боран, күндіз көктайғақ күтіледі. Батысында және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-15°C, солтүстігінде -7°C, күндіз -4...-9°C.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл