Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Ақжайық» футбол клубының ойынынан кейін достарымен бірге стадиондағы қоқысты жинаған Орал қаласының 11 жастағы оқушысына алғыс хат жолдады, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр Әлиханның видеороликтегі үлгі боларлық іс-әрекетіне алғыс білдіріп, оған және оның достарына кітаптар, естелік сыйлықтар, сондай-ақ Катарда өткен әлем чемпионатының футбол добын сыйлады.
«Мен сенің іс-әрекетіңе және стадиондағы тазалыққа үлкен жауапкершілік танытқаныңа ерекше риза болдым. Футболдың дамуы - жанкүйерлердің мәдениетіне де тікелей байланысты. Сондықтан сенің іс-әрекетің отандық футбол жанкүйерлері үшін өте маңызды.
Қазіргі таңда әртүрлі әдебиетті оқу өте маңызды. Сондықтан саған біршама кітап пен басқа да сыйлықтар жіберемін. Бұл сенің футболға деген қызығушылығыңды арттырады және пайдалы іс-әрекеттерге ынталандырады деп үміттенемін.
Құрметпен, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов», - деді Мәдениет және спорт министрі.