Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
15 наурыздан бастап әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашылады
Жаңалықтар

15 наурыздан бастап әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары ашылады

18.02.2022
1 мин
18
2365

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен азаматтық бастамалар орталығы гендерлік қажеттіліктер картасын әзірлеп жатыр. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық кеңесінің басшысы Салтанат Әбдікәрімова аталған картаның ауыл әйелдерінің қажеттілігін анықтауға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, ол "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту" орталықтарын ашу мәселесіне тоқталды.

"15 наурыздан бастап Қазақстанның барлық өңірінде, облыс орталықтарында "Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту" орталықтары ашылады. Әзірге бізде мұндай үш орталық бар. Олар пилоттық режимде жұмыс істеді. Қызметті қалай ұсынатынымызды әйелдерге қарай икемдеп жатырмыз. Осылайша әр ауданда біздің кеңесшілеріміз болады. Жалпы әйел қауымы өмір сүріп отырған ортаға жақындай түскіміз келеді", – деді кеңес басшысы.

Салтанат Әбдікәрімова ауылдық әйелдерге білім мен инфрақұрылымның қолжетімсіздігі мәселесіне тоқталды. Айтуынша, бұл мәселені шешу үшін арнайы карта әзірленіп жатыр.

"Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі мен азаматтық бастамалар орталығының қатысуымен қазір гендерлік қажеттіліктер картасы әзірленіп жатыр. Мысалы, ауыл әйелдеріне қарапайым қандай да бір балалар орталығы қажет болуы мүмкін. Мұны өте жақсы жұмыс деп ойлаймын. Аталған карта жоғары деңгейде жасалған жағдайда біз өз тарапымыздан ауылда бизнесті дамытуға дайынбыз немесе белгілі бір проблеманы әйелдердің шеше алуына жағдай жасаймыз. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік инвестициялар есебінен жүзеге асатын болады", – деді Салтанат Әбдікәрімова.

Сондай-ақ, ол проактив тәртіпте әйелдердің директор немесе директорлар кеңесінің мүшесі болуға жағдай жасалатынын айтты.

"Қазір QazTrade орталығымен әйелдерді оқыту бойынша келісім жасастық. Бұл олардың электронды алаңда сауда жасай алуы үшін қажет. Бұдан өзге әйелдерге арналған несиелеудің 5 бағытын ашқымыз келеді. Әрине, мұнда максимум жеңілдіктер қарастырылғаны жөн", – деді Салтанат Әбдікәрімова. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
18 Пікір
А
Айгүл 21.02.2022
Қызым 3-топтағы мүгедек, мамандығы тігінші, 2-баласы бар күйеуінен ажырасқан. Үйде отырып тігін, қыз жасауымен айналысса, қайтарымсыз грант бар ма? Үкіметтен көмек бола ма?
Жауап беру
N
Nurzada 20.02.2022
Менің жұмысым бар Қосымша табыс көзін ашсам деймін Қолымда қар анам бар Жалғыз басты анамын Қандай мүмкіндіктер бар екен т
Жауап беру
Р
Роза 19.02.2022
Менің уйде отырған анамын 2топтағы мугедек балам бар, дипломым бар педагогика және психалогия қандай жумыс бастасам болады
Жауап беру
Р
Роза 19.02.2022
Мен уйде отырған анамын 2топтағы мугедек балам бар
Жауап беру
Г
Гульсум 19.02.2022
Мен озіме процедурный кабинет ашқым келеді!
Жауап беру
М
Меруерт 19.02.2022
Менің мүгедек балам бар, сол себептен үкімет жұмысын жасай алмай отырмын. 2 мамандығым бар— мұғалім, бухгалтер. Осындай аналарға да жұмыс орталықтары қарастырылса екен деймін.
Жауап беру
Б
Баянсулу 19.02.2022
Мен жалғыз басты анамын. Қосымша табыс тапқым келіп, үйден майда-шүйде қажетті нәрселер сатып жүргенмін. Онлайн заказ қабылдап... Соны әрі қарай дамытқым келеді бірақ сол қаржы жағы айдан айға жетпей келеді. Бірақ жұмыссызбын сол үйде отырмын онлайн үйден сатып...
Жауап беру
М
Марал 18.02.2022
Мен жумыс жасайм кишкентай бизнесим бар ишин толтыргым келеди заман ауи адамдар жумыска алгым келеди ол ушин каржы жагыннан коп келерги ари карай дамыткым келеди
Жауап беру
А
Арайлым 18.02.2022
Мен жұмыс жасаймын. Қосымша аздап бизнесім бар. Мен үлкейткім келеді. Ол үшін қаржы жағынан көмек керек
Жауап беру
А
Асел 18.02.2022
Мен Тараз қаласынан боламын, менің кішкене үйден бизнес кондитерлік бастап едім. Соны үлкейтіп ашқым келеді,қазіргі таңда тек шамалы магазинді ғана қамтып отырмын үлкен етіп ашқым келеді
Жауап беру
Н
Нилуфар 18.02.2022
Сарыағаш ауданы на да кәсіпкерлікті дамытуға кеңнен көңіл болу керек,әкімшілікке барсаң жугіртіру көп болған соң әйелдер қауымы уйде жұмыссыз.Осындай орталықтар біздеде ашылса сәлде болсын сауатты болатын еді.Қазір ең тығыз орналасқан жер Туркістан облысы болып тұрғандықтан тектилді өнеркәсіпті дамыту керек,керекті құрал жабдықтарды алуға қолға ақшаны беріп емес банк арқылы орындалса пайдасы көп тиетін еді.Жазда бәрібір Өзбекстан киімдерін көп тұтынады,сондай көйлектерді өзімізде тігіп елдегі бағаны тусіру керек.Сапалы қол жетімді болса басқа жаққа жугірмейді, өзіміздің товарларға сұраныс артатын еді.
Жауап беру
Ж
Жайна 18.02.2022
Мен Ақтөбе обл. Ойыл ауданы Аққемер елді мекенінде тұрамын. 2019жылы Бизнис Бастау арқылы Атамекеннен 505мың тг көлемінде грант алдым. Содан декреттік демалысқа шығып енді жұмысымды қайттан бастайын десем электр жүйесін қосалмай отырмын. Менің шағын наубайхан ашып ауыл әкімі клубтан бір бөлмесін берді. Енді жаңа әкімді. Бір жерге екі учётцик болмайды деп енді жұмысымды бастай алмай отырмын.
Жауап беру
Г
Гулжанат 18.02.2022
Ақтөбе обылысы Темір қаласы. Қәзіргі таңда сол темір қаласы. Нағыз ауылдық аймақ болып қалды. Соны жағырту қажет. Ауылдық мекенді ешкім қарамайды. Ауылда жұмыс жоқ. Тігіншілік цехы болсын ашу керек сол ауылга
Жауап беру
А
Алмагул 18.02.2022
Мангыстау обл Мунайлы ауданы Даулет елдимекенинен
Жауап беру
А
Алмагул 18.02.2022
Сулулык салон ашкым келеди
Жауап беру
Б
Баян 18.02.2022
Қай қалада?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл