Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен күн құбылып, найзағай ойнайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кей өңірлерде жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Шығыста қатты жауын-шашын күтіледі. Ал батыста күн ашық болады.
"Қазгидромет" таратқан ақпаратқа сәйкес, Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейіп, Ақмола және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл мен тұман болуы ықтимал.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз +20…+22°C.
Алматыда да жауын-шашынды күн күтіледі, ауа температурасы +25…+27°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, +31…+33°C.