Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына 20 млрд теңге аударылды
Жаңалықтар

Оқушыларды мектепке дайындау үшін ата-аналардың есепшоттарына 20 млрд теңге аударылды

20.08.2025
1 мин
4
926
Сурет: Dauletten.kz

"Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында ата-аналар мен заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 миллиард теңге бөлінді. Қаржылай қолдау 430 мыңнан астам оқушыны қамтып, бұл жалпы алушылар санының 87 пайызын құрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болғандар бар.

Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, барлық отбасылар көмек алды. Министрліктің мәліметінше, ата-аналар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ал төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті.

- Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударуда, — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

2025 жылы қор бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 23,1 миллиард теңгені құрайды. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімімен белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері материалдық көмек көлемі 2,5 есеге өсіп, 17 мыңнан 46 мың теңгеге жеткен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Сауле 21.08.2025
Ракмет Алдык шукир 2 балага шыкты енди отчет откизсем болды 3 баланы кииндирдим керек деген заттарын алдык бир сыпыра.Окиметтинки мен коса акемиздинкин алып кииндирдик.Басшымызга ракмет кадимгидей комек болды.
Жауап беру
Ж
Жанерке 21.08.2025
Копбалалар деген статус жок деп документ кабылдамадыгой бизден
Жауап беру
Г
Гульдана 20.08.2025
Көпбалалымыз,жалдамалы пәтерде тұрамыз,бермеді ғой, ИП бар отбасыға берілмейді деп.Осы отырғанда әлі киім алған жоқпыз,ақшамыздың жоқтығынан
Жауап беру
Ж
Жаманкараева жадыра 20.08.2025
Кайдагы Туркестан обл. Жетсай каласы бугын уже 20сы. Але Акша аударылган жок. Бул не Деген сумдык. Тексермейсыздерма. Атааналар шыр пыр болып отыр акшадан хабар жок
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл