| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының кейбір жергілікті атқарушы органдарының басшыларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Комитет мәліметінше, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
- Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру дерегі тергеліп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК ресми ақпаратына сүйенсек, көрсетілген адамдар сот санкциясымен қамауда ұсталады.