Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2021 жылға дейін елімізде қанша жасанды тыныс алдырту аппараты шығарылады?
Жаңалықтар

2021 жылға дейін елімізде қанша жасанды тыныс алдырту аппараты шығарылады?

13.07.2020
1 мин
0
954

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов онлайн брифингте Қазақстанда жыл соңына дейін үш мыңға жуық жасанды тыныс алдырту аппараты шығарылатынын айтты.

Ал жасанды тыныс алдыртудың мобильді аппараттарын шығаратын «Тыныс» АҚ шілде айының соңына дейін 270 мобильдік аппаратты Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге жеткізеді.

Аманияз Ержанов тыныс алдырту аппаратының алғашқы 50 данасы осы айда жеткізілетінін хабарлады. Болжам бойынша аталған аппараттың жыл соңына дейін 3 000 данасы қажет екенін ескеріп, өндірушілер айына орташа есеппен 550 аппарат шығаруды жоспарлап отыр.  

Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда «ОралМедРегион» ЖШС және «Қазмедприбор» ЖШС-ның қуатын арттыру көзделіп отыр. Бұл айына орта есеппен 386 аппарат немесе жыл соңына дейін 1 930 дана.

«Қазіргі уақытта Қытай мен Түркиядан сынақ үшін аппараттар жеткізілді. Біріншісі денсаулық сақтау министрлігіне берілді, екіншісі бүгін беріледі. Сынақ сәтті аяқталған жағдайда кәсіпорындар оларды өндіруге кіріседі», – деді вице-министр.

Демек, отандық өндірушілер жыл соңына дейін 4 930 стационарлық және 2 695 мобильдік аппарат шығара алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл