Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2023 жылы бизнесті қолдауға 52,4 млрд теңге бөлінеді
Бизнесті қолдау

2023 жылы бизнесті қолдауға 52,4 млрд теңге бөлінеді

11.11.2022
1 мин
0
3836

2023 жылы ауылда бизнесті дамытуға, ондағы халықтың табысын арттыруға 52,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов айтты..

Вице-министр «Нәтижелі жұмысмен қамту» бағдарламасы бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі бизнес жобаларды іске асыруға ауыл тұрғындарына несиелер мен шағын несиелер беріліп жатқанын атап өтті.

«Іске асырылған жобаға тоқталайын. Мысалы, 2020 жылы Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Ол жобаға 7,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде оның оң тәжірибесі ескеріліп, президенттің тапсырмасына байланысты барлық өңірде біртіндеп іске асырылмақ. 2023 жылы осы жобаның төңірегінде 52,4 млрд теңгеге 11 мыңнан аса шағын несие беріледі деп жоспарланып отыр», - деді Бағлан Бекбауов.

Сондай-ақ оның пікірінше, бүгінде қоғамда және экономиканың тұрақты дамуында әйелдердің рөлін ешкім жоққа шығара алмайды.

«Ел экономикасының басым салаларының бірі – аграрлық сектор. Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан халқының жартысына жуығының негізгі табыс көзі болып саналады. Бүгінде ауыл халқының саны – 7,8 млн адам. Оның 50%-ы – әйел. 1,8 млн әйел еңбек етіп жүр. Фермада, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтін 282 мыңға жуық адам бар. Оның 204 мыңы – әйел (36,8%). Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп жатыр», - деді министрдің орынбасары елордада өтіп жатқан Қазақстан ауыл әйелдерінің V форумында.

Сондай-ақ ол өндірістегі жетекші әйелдердің саны артып жатқанын да атап өтті. Вице-министр агроөнеркәсіптік кешенде, тоқыма өнеркәсібінде, қайта өңдеу және азық-түлік өндірісі салаларында әйелдер басқаратын кәсіпорындар жұмыс істеп жатқанын, бұл Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігіне ешқандай шектеу жоқ екенін атап өтті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл