Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда
Жаңалықтар

2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда

23.01.2025
1 мин
0
90
Сурет: Алматы әкімдігі

2025 жылы Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.

2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% - ға), көлікке (37,5% - ға), денсаулық сақтауға (31,3% - ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% - ға ұлғайды.

Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% - ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.

Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының "ВВВ+" деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, "Тұрақты" болжамы растады.

Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл