456.56
530.52
5.28
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қанша теңге төленеді
Жаңалықтар

2026 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қанша теңге төленеді

04.09.2026
мин
0
76
Сурет: stan.kz

Қазақстанда мүгедектігі бар 544 мыңнан астам азамат мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 2026 жылы төлем көлемі мүгедектік тобына қарай белгіленіп, кей жағдайда негізгі жәрдемақыға қосымша әлеуметтік төлем де тағайындалады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға бірнеше әлеуметтік қолдау түрі қарастырылған. Ең алдымен, мемлекеттен мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 544 мыңнан астам адам осы жәрдемақыны алып отыр.

2026 жылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мынадай:

  • I топ – 111 873 теңге;
  • II топ – 89 498 теңге;
  • III топ – 61 022 теңге.

Алайда азаматтың алатын төлемі тек осы жәрдемақымен шектелмеуі мүмкін. Егер адам үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, мемлекеттік жәрдемақыға қоса еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалады.

Бұл төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға қарастырылған. Оның мөлшері адамның жүйеге қатысу мерзімі мен бұрынғы табысына байланысты есептеледі.

Бұдан бөлек, мүгедектік өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан пайда болған жағдайда, жұмысшыға сақтандыру төлемдері де қарастырылуы мүмкін.

Яғни мүгедектігі бар азаматтың нақты алатын сомасы барлық адам үшін бірдей емес. Мемлекеттік жәрдемақының көлемі мүгедектік тобына байланысты белгіленсе, қосымша әлеуметтік және сақтандыру төлемдері азаматтың еңбек өтіліне, әлеуметтік аударымдарына және мүгедектіктің пайда болу жағдайына қарай есептеледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл