Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидрометтің" мәліметінше батыс пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, қатты жел соғуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түседі. Батыста және оңтүстікте шаңды дауыл ықтимал.
Ел аумағының басым бөлігінде батыс антициклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр күтіледі. Түнде +10…+12 °C, күндіз +25…+27 °C. Желдің жылдамдығы 2–7 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16 °C, күндіз +29…+31 °C. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, құрғақ ауа райы. Түнде +18…+20 °C, күндіз +34…+36 °C. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с.