Нефть Brent | 0.00 | 0.00 |
Нефть Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында 30 млн теңгенің дәрілері 3 мың отбасыға тегін жеткізіледі. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрімек тарату бойынша арнайы тапсырма берген.
«Өңірлік «Біз біргеміз» қорымен бірге ең қажетті дәрілер сатып алынды. Дәрі-дәрмек бірінші топтағы мүгедек жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушы ата-аналарға тегін үлестіріледі. Бұл отбасылардың тізімі толық жасалды. Аталмыш қолдау алдағы уақытта да жалғасады»,- деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
30 түрлі дәрі-дәрмек салынған арнайы пакеттер 19 шілдеде Атырау қаласы және жеті ауданның 3 мың отбасыға жеткізіледі.