| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында отандасымыз Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан топ жарып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді әкелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл – ел тарихындағы жарқын сәттердің бірі! Шайдоровтың мұз үстіндегі өнері жанкүйерлерді тәнті етіп, Қазақстан туын биікке көтерді.
Мемлекет басшысы спортшыны жеңісімен құттықтады.
- Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді, - делінген жазбада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.