Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"33 млн теңге": Шымкентте бірнеше мектепке айыппұл салынды

15.02.2023
1 мин
0
741

Жоспарлы тексерулер барысында Шымкенттегі 183 мектепте бұзушылықтар анықталды, деп жазады Dauletten.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

"Тазалаудың тұрақты жүргізілмеуі, таңбаланбаған инвентарь және сынған үстелдер бойынша ескертулер жиі жасалады. Кейбір мектептерде кабинеттердегі жанып кеткен шамдар уақытында ауыстырылмаған. Айыппұлдың жалпы сомасы 33 млн теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Мамандар  оқу орындарынан бөлек 17 емдеу мекемесіне, сумен жабдықтау нысандарына және 13 өнеркәсіптік нысанға да тексеру жүргізді.

"Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың анықталған бұзушылықтары бойынша тексерулер жүргізу кезінде жалпы сомасы 83 611 245 теңгеге 529 жауапты тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар өндіріп алынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 350 ұйғарым берілді",-дейді Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

Алдарқұл Ахметовтің сөзінше, бүгінгі таңда барлық олқылықтар жойылып, айыппұлдар төленген. Былтыр санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұтынушылар тарапынан шағымдардың көбеюіне байланысты мектептерге жоспардан тыс 54 тексеру жүргізді.

Фото: inform.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл