Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
7 мамырда сағат 11:00-де Астанада концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:
Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі. Сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт ұйымдастырылады.
8 мамырда сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр.
9 мамырда Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Эстафета сағат 9:00-де басталады. Спорттық дайындығы бар және медициналық тексерістен өткен оқушылар мен студенттер қатыса алады.
9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жастар саябағында сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді. Сол күні сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында "Ар адамы Бауыржан" спектаклінің премьерасы өтеді.
Сондай-ақ, 9 мамырда сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін қала әкімдігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің, әскери оркестрдің қатысуымен оркестр құттықтайды. Сонымен қатар, 9 мамырда елордада Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық турнирі басталады. Жарыс Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.
10 мамырда сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті өтеді.
10 мамырда сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы Бауыржан" сахналанады.
Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, Астанада тұратын тыл еңбеккерлеріне біржолғы төлем беріледі.