Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Доллар бағамы тағы да 515 теңгеден төмендеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,60 теңгеге төмендеп, 514,50 теңге болды.
Айта кетейік, доллардың 6 мамырдағы ресми бағамы - 518,53 теңге.
кurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 515,39 теңгеге, ал сату бағамы 517,35 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 512,56 теңгеден сатып алынып, 518,56 теңгеден сатылып жатыр.