Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы қоға қоршаған ортаны қорғап, сақтасын деген мақсатпен, бұл күнді бүкіләлемдік деп жариялады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
1972 жылы әлемдік индустрия қарқын алып келе жатқан кезде БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау күнін атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл шешім экологиялық проблемаларға ұйымдардың, кәсіпорындардың және әр адамның назарын аудару қажеттілігімен байланысты болды. Қоршаған орта – тіршілік иелерінің мекені болғандықтан, оны қорғау мен тазалығын сақтау әрбір адамның міндеті.
Экологиялық жағдайлар бүгінгі күннің басты проблемасына айналды. Алысты айтпағанның өзінде, Қазақстанда Арал теңізінің тартылуы, кәсіпорындардын шығатын улы газдардың ауаға таралуы, судың азюы мен ластануы, тонналап табиғатқа тасталған қоқыстар кейбір адамдарды әлі де алаңдатпайды. Сондықтан, біз өмір сүріп жатқан ортаны аялап, оны қорғауды өзінің миссиясы деп қабылдау керек. Қоршаған ортаны қорғауды өзіңізден бастаңыз!
фото: Ашық дереккөз