Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
92 жастағы ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті
Жаңалықтар

92 жастағы ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

01.06.2023
1 мин
1
1203

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында әдемі қартаюдың жолын айтып, жазба жариялады. Бұл туралы Dauletten.kz хабарлайды.

«Адам жасы келген сайын тiршiлiкте көрген-бiлгенi мен оқыған-тоқығанын, iлгенi мен бiлгенiн, жылдап жиған абырой-беделiн кезi келген уақытта жақсы бiр қасиетке, жақсы қартаюға бағыттағаны жөн. Яғни, ол әулеттiң, елдiң ақсақалы болуға дайындалуы керек.

Жыл өтедi, жас ұлғаяды. Соншама уақыттың iшiнде жүрiп өткен iзiңдi жаңа буын, толқын-толқын болып жеткен жас ұрпақ басады. Күнi кеше өзiң қолынан жетелеген жас бала жiгiт болып, елге, халыққа пайдамды тигiзсем деп талап етедi. Сонда ол кiмнен үлгi алып, кiмнен ақыл сұрайды? Әрине, ағадан, ақсақалдан өнеге алады» деп жазды Т.Шарманов.

Жазбада аға буын өкілдері заман талабына сай әрекет етуі керек деген.

«Жасы үлкен адам қоғамның өзгергенiн мойындамай, күнi кеше өзi өмiр сүрген заманның деңгейiмен, өзi қызмет еткен қоғамның, сол кездегi саясаттың талабынан шыға алмай, кешегi жеткен жаманды-жақсылы беделi мен көрген-бiлгенiн көлденең тартып, «Менi бәрi сыйлайтын. Сондықтан сендер де жасымның үлкендiгiн, сақал-шашымның ағын құрметтеулерiң керек» деген сияқты орынсыз мiндетсуден аулақ, абай болған дұрыс. Үй-iшi мен бала-шаға, немерелерiне азар адам ауыл-аймақ, ел iшiне де қадiрсiз. Сақал-шашы ақылдың толғандығынан емес, мезгiлдiң өткенiнен, уақыттың табынан ағарған, қариялыққа жете алмай қартайған кiсiнi «қолы көтере алмаған шоқпарды белiне байлапты» десе де болар», – деді академик.

Фото: ғаламтордан

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айгерим 02.06.2023
Пайдалы нәрсе айта ма десем
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл