Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Абай облысында 15 000 000 теңгеге жуық бюджет қаражаты жымқырылды
Жаңалықтар

Абай облысында 15 000 000 теңгеге жуық бюджет қаражаты жымқырылды

05.06.2024
1 мин
0
447
Фото: azh.kz

Абай облысының Ақсуат ауданында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды dauletten.kz.

Аудан прокуратурасы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгенін анықтады.

Бұл сома мемлекетке толық қайтарылды.

«Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірі 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды. Есепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.

Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) - тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл