| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тұмау мен ЖРВИ жағдайының ушығуына байланысты 7 облыстағы мектептерде 1469 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
Оның айтуынша, сыныптағы аурушаңдық деңгейіне қарай келесі шаралар қолданылады:
- Сынып оқушыларының 20%-ы тұмаумен ауырса – аталған сынып кабинеттік жүйеге өтеді;
- 30%-ы ауырған жағдайда – сынып толық қашықтан оқытуға көшеді.
Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты білім беру ұйымдарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кеңес берілді.