| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда заңға қарсы мазмұн ұсынатын 38 мыңнан астам сайт «Кибернадзор» жүйесі арқылы анықталып, қол жетімсіз етілді, - деп хаьарлайды Dauletten.kz.
Балалардың онлайн қауіпсіздігіне қатысты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова былай деді:
- Ата-аналар балалардың интернеттегі белсенділігін бақылап, қандай сайттарға кіретінін, қандай видеолар көретінін және кіммен сөйлесетінін қадағалауы керек. Құрылғыларға ата-ана бақылауын қосу балаларды зиянды контенттен қорғауға көмектеседі, - деді ол.
Қазақстанда 2022 жылдан бастап кибербуллинг заңнамалық тұрғыда бекітілді, ал 2024 жылдан бастап мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Биылғы 10 айда 339 әкімшілік іс қозғалып, 198 адам кибербуллинг үшін жауапқа тартылды.