| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Абай облысының Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан үш учаске анықталды. Арнайы операция барысында алтын түстес металл мен өндіріс құралдары тәркіленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Абай облысының Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз барлау және өндіру фактілері анықталды.
Ведомство жүргізген арнайы іс-шара нәтижесінде заңсыз жұмыс жүргізілген үш учаске әшкереленген. Тексеру барысында алтын түстес металл, кен жууға арналған арнайы жабдықтар, ауыр техника мен автокөліктер тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз жүргізілген өндіріс жұмыстары жердің топырақ қабатына зиян келтірген.
Қазіргі уақытта құқық бұзушылыққа қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр. Сонымен қатар заңсыз өндірілген бағалы металдың нақты көлемі мен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептелуде.
Қаржылық мониторинг агенттігі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.