Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанның қалай құрылып жатқанын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр.
"Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр", - деді Тоқаев бүгінгі жолдауында.
Осы орайда президент барлық өзгерістің халықтың қалауымен іске асып жатқанын ерекше атап өтті.
"Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз", - деп түйіндеді Тоқаев.