Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Әділетті шешім шықпайтынына көзім жетті": Шерзат Болаттың әкесі елден кеткісі келетінін мәлімдеді

15.10.2024
1 мин
1
2522
Сурет: видеодан алынған кадр

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желіде ұлы қайтыс болған күні видеобақылау камерасына жазылып қалған бейнежазба үзінділері жарияланғаннан кейін тағы бір видеоүндеу жасады. Видеода марқұмның әкесі әділетті шешім шықпайтынына көзі жеткенін, елден кеткісі келетінін айтқан, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қаржаубай Нұрымовтың видеоүндеуі Instagram-дағы Almaty.official парақшасында жарияланған.

Мен бұл жерде ақталып тұрғаным жоқ. Немесе баламды, інімді ақтап тұрғаным жоқ. Шыны керек, бұл қайғы-қасіреттен шаршадым. Мен тек әділ сот болғанын қалаймын. Егер менің кінәм болса, мені кінәласын, бауырымның кінәсі болса, бауырымды кінәласын. Менің баламды өлтірген адам әділ жазаға кесілсін. Келген жігіттерге де, барлығына ақты ақ деп, қараны қара деп айттым. Баламның жарақаттарын да жасырмақшы болды. Ештеңеге таңғалмаймын қазір. Сол үшін өтініп сұрайтыным, ешқандай митинг, көтеріліс болып, менің отбасымды қаралаудың қажеті жоқ. Егер менің баламды өлтірген адамдардың әкелері ер азамат болса, алдыма келер еді. Тиктокта немесе Инстаграмда үлкен кісілерді алдыға салып қойып, болмаса әйел адамдарды жіберіп, мұндай әңгімеге бармайтын едік. Сол себепті менің айтатыным, біздің президенттен, министрден сұрайтыным – отбасыма тыныштық беру және отбасымды бұл Алматы қаласынан аман-есен алып шығып кетуім керек. Соттың созылатыны айдан анық, мәлім. Мен тек заңгерлеріме сенемін қазір. Олардың да бала-шағасы бар. Мен өзім үшін қорықпаймын. Атып кетсе де, пышақтап кетсе де, соттатып жіберсе де. Тек отбасымның амандығы керек. Алматыдан, Алматы облысынан алып кеткім келеді. Қорқып тұрғаным жоқ, президенттен көмек сұраймын. Иә, Талғар ауданындағы, ауруханадағы былықты айтып қойдым. Олар пышақпен келді, мен ол жерде қағаз алып шықпайтын шығармын. Жалынып, жалбарынып сұрадым. Қолдарын еркекше беріп кетті олар. Біз қан төксек, "қанішер" деп айтсаңыздар болады. Мен қан төкпеймін. Менің басымда болып жатқан жағдай, менің қарындасым, әйелім, анам қалай жылағанын көрсеңіздер, сол кезде түсінесіздер. Сондықтан ана жыламау керек. "Анам, әкем" деп жылау бір бөлек, "ботам" деп жылаған ол бір бөлек. Ақылға салып, сабырға келейік. Қазақ болғаннан кейін бірде бір қазақтың қаны ақпасын деймін. Айтарым осы, "соттаймыз" десеңдер соттаңдар. "Атамыз, өлтіреміз" десеңдер, өлтіріңдер. Бірақ Қазақстанда әділетті шешім шықпайтынына көзім жетті. Бір ғана сұрайтыным, қазақ елінде ешқандай қантөгіс болмасын. Президенттен сұрайтыным, отбасымды аман есен алып кетейін. Болмаса басқа мемлекетке бала-шағамды алып шығып кетейін, - делінген үндеуде

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
Сауле 15.10.2024
Арине тек видионы да кыскартып Шерзаттын акеси пышакты алып устап жургени гана шыгарып баска видионы кыркканын ел билмейди дейсиндер ма акесин кина тагу ушин.Адилдик жок.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл