Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлем халқының санын қысқарту орталығы туралы тараған ақпарат рас па?
Жаңалықтар

Әлем халқының санын қысқарту орталығы туралы тараған ақпарат рас па?

02.02.2023
1 мин
1
1306

Қазақстандық Telegram-чаттарда пайдаланушылар Билл және Мелинда Гейтс қоры ғимаратының кіреберісінің суретін таратуда. Есік алдындағы қабырғада «Әлем халқының санын қысқарту орталығы» деп жазылған маңдайша жазу ілініп тұр екен. Бұл ескі фейк деп хабарлады Dauletten.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алғаш рет фото 2021 жылдың сәуірінде желінің ағылшын тіліндегі сегментінде жарияланды. Оны батыс фактчекерлері жоққа шығарды.

Билл және Мелинда Гейтс қорының ғимаратында «Жер халқының санын қысқарту орталығы» деген жазудың бар-жоғын тексеру оңай. Ол үшін іздеу жүйесіне Қордың бас кеңсесінің мекен жайын енгізу керек. Одан әрі шыққан нәтижелерден ғимараттың фотосуреттерін таңдап, олардың ішінен кіреберісінің суретін табу керек. Суретте қабырғада тек қор логотипі ғана ілінгені көрініп тұр. Онда халықты қысқарту орталығы туралы жазу жоқ.

Демек, ол пайдаланушыларды шатастырып, планета халқының санын азайту туралы қастандық теорияларының шынайылығына сендіру үшін графикалық редакторлармен жазылған.

Фото: stopfake.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Алия 02.02.2023
Онсыз да ақыр заман жақындады ғой қазір ме кеш пе өлеміз ғой оның несін қысқартады
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл