Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік осал топтарға несие жеңілдігі берілуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді әлеуметтік жағдайы қиын қазақстандықтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге несие төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігі ұсынылады.
Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған несие төлеуді кейінге шегеру туралы жоба дайындалды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Жаңа құжатта көзделген басты өзгерістер:
Әлеуметтік осал топтарға және ТЖ кезінде зардап шеккендерге несие төлеуді кейінге шегеру құқығы беріледі;
Егер қарыз алушының табысы азайғаны құжатпен расталса, банк немесе ұйым оған кемінде 3 айға төлемді шегеруге міндетті. Бұл үшін ешқандай комиссия алынбайды;
Борышкер несиесін өтей алмайтындай жағдайға тап болса, банктер оның жағдайын растау үшін сұралатын құжаттар тізімін нақты көрсетуі тиіс.