Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында көлік жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйге құлады. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«BMW X5 көлігі 23 мамырдан 24-іне қараған түні рульге ие бола алмай, жолдың жиегінен шығып кетіп, тұрғын үйдің үстіне құлады. Үйдің шатыры, газ, жарық бағаналары бүлінген. Оқиғадан көлік жүргізушісі өзі жеңіл жарақат алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жүргізушінің үстінен ҚР ӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жақын күндері сотқа жолданады.
«Құлаған үйдің иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде. Апаттан газдың құбыры жарылмаған. Ал электр бағаны электр станцияның мамандарымен қалпына келтірілді», - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, оқиға Іле ауданының Боралдай ауылында болған.