Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда алиментке қатысты заң қалай өзгеруі мүмкін?
Жаңалықтар

Қазақстанда алиментке қатысты заң қалай өзгеруі мүмкін?

19.11.2024
1 мин
4
803
Сурет: halyq-uni

Елімізде алимент төлеуге қатысты жаңа заң жобасы әзірленбек. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Сенатқа ұсыныс енгізген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Борышкерді іздеудегі қиындықтар

Уәкілдің айтуынша, алимент мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем болмауы тиіс, яғни шамамен 43 мың теңге болуы қажет. Сонымен қатар, сот орындаушыларына борышкердің банк шоттары туралы ақпарат алуға рұқсат беру және жұмыс орындарына жалақы мөлшерін хабарлауды міндеттеу ұсынылуда.

- Қазіргі таңда борышкерді іздеу алимент алушының тіркелген мекенжайы бойынша жүргізіледі. Бұл тиімсіз әрі қисынсыз. Себебі алимент алушы басқа өңірде немесе шетелде болуы мүмкін. Мысалы, борышкер Түркістан облысында тұрса, ал іздеу Маңғыстау облысында жүргізіледі, өйткені алимент алушы сол жерде тіркелген. Осылайша, борышкерлерді табу қиынға соғып отыр, – деді Динара Зәкиева.

Тек алимент мөлшерін көбейту мәселені шешпейді

Сенатор Жанна Асанова алимент есептеу тәртібін қайта қарау қажеттігін алға тартты. Қолданыстағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекске сәйкес, бір балаға алимент ата-ананың табысының төрттен бірін құрайды. Алайда кейбір ата-аналар табыстарын жасанды түрде төмендетіп, ең төменгі жалақы (85 мың теңге) көлемінде көрсетеді. Нәтижесінде бір балаға алимент мөлшері 22 мың теңгеден аспай қалады.

- Алимент мәселесі қоғамды қатты алаңдатып отыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бұл мәселеге қатысты Сенатқа ұсыныс енгізді. Біз Мәжіліс депутаттарымен бірлесе арнайы жұмыс тобын құрып, заң жобасын әзірлеуге кірістік. Қазір жан-жақты талдау жүргізіп жатырмыз. Дегенмен мәселе тек алимент мөлшерін көбейтумен шешілмейді. Біз ата-ананың, баланың, алимент алушы мен төлеушінің мүдделерін әділ ескеруіміз керек. Бұл өте күрделі процесс, – деді Сенат депутаты.

Алимент төлеушілердің статистикасы

Әділет министрлігінің мәліметінше, елімізде алимент өндіру туралы 322 мың іс қаралуда. Оның ішінде 311 мың борышкер ер адамдар болса, 11 мың борышкер әйелдер.

2023 жылдың 9 айында 33 млрд теңге көлемінде 25 мың проблемалық іс тіркелген, яғни борышкерлер тұрақты түрде алимент төлемейді. Соған қарамастан, министрліктің ауқымды жұмысы нәтижесінде 7 млрд теңге алимент бойынша берешек өндірілген. Алимент өндірісінің 95,6%-ы жұмыс берушілердің бухгалтерлік қызметі арқылы жүзеге асырылып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
А
Асем 20.11.2024
Частныйда істеп жүріп,төменгі жалақы 83000тг көрсетіп,жүрген борышкерлер көп.негізгі табысын жасырып. 42000тг 3балаға несіне жетеді. Әділдік емес қой
Жауап беру
М
Мадина 19.11.2024
Сот орындаушылардың жумысына канагаттанбаймын
Жауап беру
М
Мадина 20.11.2024
Менде де себеби алиментты ондире алмай отыр.2 жыл болды
Жауап беру
Л
Ляйля 19.11.2024
Алимент төлемей жүрген жауапкерлеген бін нақты заң шығарса екен ,
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл