Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы облысында жеке тұрғын үй өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
19 сәуір күні сағат 10:51-де Алматы облысы Райымбек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.
127 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 11:50-де анықталып, 12:13-те сөндірілді (100 шаршы метрі – үй және 27 шаршы метрі – уақытша баспана). Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеті қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.
Ведомствоның мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.