Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Алматы жастары" бағдарламасы: қосымша өтінім қабылдау қорытындыланды

21.01.2025
мин
0
727
Сурет: ОКҚ

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында өткен "Алматы жастары" бағдарламасының қосымша кезеңін қорытындылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Айта кетейік, www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 2757 қатысушы өтінімін түзетіп, олардың 1872-сі мына бағыттар бойынша құжат тапсырды:
 • денсаулық сақтау – 456,
 • білім беру – 773,
 • мәдениет – 95,
 • спорт – 23,
 • ЖОО және ҒЗИ – 196,
 • БАҚ – 40,
 • әлеуметтік сала – 75,
 • коммуналдық қызметтер – 139,
 • жұмыс істейтін жастар – 75.

Қарау нәтижесі бойынша 759 өтінім мына салалар бойынша мақұлданды: 
* денсаулық сақтау – 210, 
* білім беру – 332, 
* мәдениет – 24, 
* спорт – 3, 
* ЖОО және ҒЗИ – 74, 
* БАҚ – 22, 
* әлеуметтік сала – 18, 
* коммуналдық қызметтер – 56, 
* жұмыс істейтін жастар – 20.

Оның ішінде ең жоғары балл жинаған 183 қатысушы төлем қабілетін растау үшін жолдама алады.

Жолдама алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуге тиіс. Төлем қабілетін растаған соң олар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үй таңдай алады. Қалған 576 қатысушы алғашқы үміткерлердің төлем қабілетін растау мерзімі аяқталғанға дейін резервке енгізілді.

Тұрғын үй, зейнетақы аударымдары және басқа да қажетті анықтамалардың болмауынан 1113 өтінім қабылданбады.

Толық ақпаратты www.almaty-zhastary2024.kz сайтынан оқи аласыздар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл