Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Алматы жастары» бағдарламасының жеңімпаздары анықталды.
Биыл тұрғын үй бағдарламасына 7072 өтінім келіп түскен. Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдаған болатын.
????Жастардан келіп түскен 7072 өтінімнің салалар бойынша бөлінісі:
- Денсаулық сақтау — 1662
- Білім беру — 2434
- Мәдениет — 430
- Спорт — 129
- ЖОО мен ҒЗИ — 717
- Журналистер — 123
- Әлеуметтік сала — 352
- Құқық қорғау органдары — 538
- Коммуналдық қызметтер — 433
- Жұмыс істейтін жастар — 254
Алматы әкімдігі мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім мақұлданғанын хабарлады. Жиыны 1200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-нан төлем қабілетінен өту үшін жолдама алады.
Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілетін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.