Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда жалған ақша сатқан бір топ күдіктінің қылмысы әшкереленді. Бір адам ұсталды, тағы біреуіне іздеу жарияланды деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйенсек, олар 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан. Тінту кезінде қылмыстық әрекеттің заттай айғағы: жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді.
«Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталуда», - делінген ақпаратта.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
фото: monetnik.ru