Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда бір топ адам жалған доллар банкноттарын сатпақ болды, деп хабарлайды Dauletten.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
«Алматыда бір топ адам криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатпақ болған.
Купюраларды сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.
Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 300 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - делінген хабарламада.
Ведомство еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін олар кінәсіз болып табылады.