Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Жаңалықтар

АЛМАТЫДА «JAS GALA» ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

24.12.2023
1 мин
0
326
Фото: «Алматы студенттер Альянсы» КҚ

Алматыда өнерлі жастар анықталып, үздіктер марапатталды. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласының шығармашыл жастары арасында «Jas Gala» жастар фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алматы қаласындағы ЖОО студенттерінің басын біріктірді. 14-23 желтоқсан аралығында студенттер вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар, Алматылық ЖОО орындары арасында «Ең үздік студенттік топ» анықталды.

Вокал бағыты бойынша бас жүлдені Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Максимова Дана Максимқызы қанжығасына байласа, аспаптық орындау бағытында Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері жеңіс тұғырынан көрінді. «Мобилография» бағыты бойынша С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті Ермаханбет Елдар Талғатұлы «Қала түні» тақырыбындағы видеосымен жеңіске жетті.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Азиз Кажденбек: 

- Жастар саясаты басқармасы тарапынан жастарды қолдау үшін көптеген жобалар жасалуда. Бұл талантты жастарға арналған жоба 3 жылдан бері жүзеге асып келе жатыр. Жастардың да қызығушылығы жылдан жылға артуда. Бүгін жеңіске жеткен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттік тобы «Ең үздік студенттік топ»болып танылды. 

Сондай-ақ Тик-ток байқауының да нәтижесі жарияланып, жеңімпаздарға IPhone 15, Дубайға жолдама, Ой-Қарағай демалыс орындарына сертификат табысталды. 

Байқау ұйымдаструшысы «Алматы студенттер Альянсы» КҚ директоры Жасұлан Қуандық: 

- Он күнге созылған байқауға деген жастардың қызығушылығы жоғары болды. Байқауға қатысу үшін барлығы 23 ЖОО-нан 700-ден астам  студент өтінім берді. Байқау қатысушылары жоғары деңгейде дайындалған. Іріктеу, жартылай финалдық кезеңдерден іріктеліп өтті. Бүгін үздік танылған жастарды марапаттаймыз. Жалпы байқаудың жүлде қоры – 8 000 000 теңгені құрады. 

Жеңімпаздар 50-ден 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Байқау нәтижесі бойынша «Ең үздік шығармашыл ЖОО» Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіне табысталды. Салтанатты марапаттауда отандық эстрада жұлдыздары және жеңімпаздар өнер көрсетті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл