Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда «JAS GALA» студенттік көктем фестивалі қорытыланды
Жаңалықтар

Алматыда «JAS GALA» студенттік көктем фестивалі қорытыланды

14.05.2025
1 мин
0
89

Алматы қаласында дәстүрге айналған «Jas Gala» студенттік көктем фестивалі өз мәресіне жетіп, үздік өнерпаздар марапатталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Фестиваль Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және Алматы Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өтті. Биылғы байқау 2025 жылдың 5 наурызынан 13 мамырға дейін жалғасып, шығармашылығын шыңдағысы келген 3000-ға жуық студентке мүмкіндік берді.

«Jas Gala 2025» фестивалі биыл Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына, Жастар жылына, сондай-ақ қазақ музыка өнерінің майталмандары Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналды.

Байқауға қатысуға 27 жоғары оқу орны мен 25 колледжден барлығы 608 өтінім түсіп, 2971 студент қатысуға ниет білдірді. Фестиваль бес негізгі бағыт бойынша өтті: вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр. Жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрады.

13 мамырда «Конкордия» студенттік театрында фестивальдің жабылу салтанаты өтті. Биыл аспаптық орындау бағыты қазақ музыкасының классигі, композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды. Бұл номинацияда 122 қатысушы бақ сынады. Топтық орындауда П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Желдірме» ансамблі, ал жеке орындауда осы колледждің студенті Скендір Нұрдана жеңімпаз атанды.

Вокал номинациясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Рысбек Асқар, хореографияда Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы колледжінің «DAFAMINE» тобы, театрда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «QAGANAT» театры, мобилографияда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Утепова Мөлдір Есжановна үздік деп танылды.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Қажденбек Азиз Оралбекұлы фестивальдің жыл өткен сайын деңгейі артып келе жатқанын атап өтіп, қатысушылар мен кеш қонақтарына алғысын білдірді:

- Құрметті жастар, қадірлі қонақтар! «Jas Gala» байқауы жыл сайын сіздердің белсенді қатысуларыңыздың арқасында кең қанат жайып келеді. Бұл — жай ғана байқау емес, жастардың шығармашылық жолын ашатын үлкен мүмкіндік. Биылғы ерекшелік — жеңімпаздар жүлделермен қатар, қала әкімінің қолдауымен алдағы қалалық шараларда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Барлық қатысушылар мен осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан жандарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Фестивальдің салтанатты бөліміне Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Диана Ерланқызы, Серік Есматов, Гүлжан Мырзалиевна және Еркін Рақышев қатысып, өз лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ кешке арнайы шақырылған мәдениет және өнер қайраткерлері – ҚР еңбек сіңірген әртістері Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер, Айжан Нұрмағамбетова, және дәстүрлі өнерді дәріптеуші «Алашұлы» тобы қатысып, жастарға қолдау көрсетті.

Төртінші рет ұйымдастырылған бұл шығармашылық фестиваль — Алматының талантты жастары үшін өзін танытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып қала береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл