Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл қадам Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен және Түркия президенті Режеп Ердоғанмен Сириядағы жағдайды талқылағаннан кейін жасалды.
Трамп Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараамен Эр-Риядта кездесуі мүмкін. Санкцияларды алып тастау – Сирия тарапынан Батыспен қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін жасалған алғашқы қадамдардың бірі.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Сирия АҚШ-қа Дамаск қаласында "Trump Tower" салуға рұқсат беруді, Израильмен ресми байланыс орнатуды және АҚШ-тың елдегі мұнай мен газ қорларына қол жеткізуіне мүмкіндік беруді ұсынған.