Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда маскалық режимді сақтамаған тұлғаларға айыппұл салынбақ. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.
«Қалада толығымен маскалық режим жарияланған. Әзірше халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Маскалық режимнің маңыздылығы жоғары. Себебі, бұл инфекцияның одан әрі өршуіне кедергі келтіреді. Әсіресе автобустар мен халық көп шоғырланған жерлерде талап етіледі», - деді Ерлан Қожағапанов.
Әкім орынбасары маска кимеген тұлғаларға қатысты қандай шара қабылданатынын айтты.
«Қазір әкімдік өкілдері мен полиция қызметкерлері тиісті инструкция алды. Эпимедиологиялық ахуал ушығатын болса, маска кимеген азаматтарға айыппұл салатын боламыз. Бұл жерде ҚР ӘқбК қолданатын боламыз», - деді Е.Қожағапанов.