Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар анықталуда
Жаңалықтар

Алматыда Қарғалы өзенін ластағандар анықталуда

05.08.2025
1 мин
0
169
Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда Қарғалы өзенінің түсі өзгеріп, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. 4 тамыз күні Жандосов көшесі мен Абай даңғылының аралығындағы аумақта өзен суының жасыл түске боялғаны байқалған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Алдын ала болжам бойынша, көпір маңынан өзенге белгісіз жасыл түсті химиялық зат төгілген болуы мүмкін. Анық-қанығын білу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары оқиға орнына барып, тексеріс жүргізді.

Судың құрамын анықтау мақсатында Экология департаменті мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су үлгілерін алып, зертханалық сараптамаға жіберді.

Қазіргі таңда Алматы қаласының Экология басқармасы, Наурызбай ауданы әкімдігі, Экология департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бірлесіп, ластану себебін және оған жауапты тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні өзендегі су табиғи арнамен ағып жатыр. Қазіргі уақытта ластану белгілері байқалмаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл