Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жаңалықтар

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды

10.12.2025
мин
0
79
Сурет: видеодан алынған скрин

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

ПД мәліметінше, кеше сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 18 жастағы қыз баланы қағып кеткен. Ол жолдан өтуге арналған белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Әсіресе жолаушы тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің жолда телефонға алаңдауы – мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуы тиіс, өйткені оның назарында – адамдардың өмірі. Алматы қаласы полициясы қоғамдық көлік және жеке автокөлік жүргізушілерін тағы да жолда сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл